07 сәуір 2016 15:17

Атырауда ашулы қыздың көлікті неліктен қиратқаны белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Куәгердің суреті Куәгердің суреті

Атырау полициясы бейтаныс бойжеткеннің көшедегі көлікті неліктен қиратқанын анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Атырау полициясы бейтаныс бойжеткеннің көшедегі көлікті неліктен қиратқанын анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полициядағылардың айтуынша, оқиға 2 сәуірде "Авангард" ықшамауданында болған. Сөйтсе, 23 жастағы жігіт кешкі уақытта қызбен танысыпты. Олар жасты екен. Қыз Маңғыстау облысынан қонаққа келіпті. Ал таңға жуық жігітпен ұрысып қалған қыз оның көлігін қиратқан. 

Қыз мас болған екен. Оқиғадан кейін көлік иесі құқық қорғау органдарына арызданған. Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы ("Бұзақылық") бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Көлік иесіне қандай шығынның келгенін анықтау үшін сот-тауар сараптамасы тағайындалған. Қазіргі уақытта қыз ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети