Атырауда астаналық мұнай компаниясының қызметкерін ұрлап әкеткендер қамауға алынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атырауда астаналық мұнай компаниясының қызметкерін ұрлап әкеткендер қамауға алынды © Tengrinews.kz

Астанадағы мұнай компаниясының қызметкерін ұрлап әкеткендер Атырауда қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі атырау аудандық сотына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанадағы мұнай компаниясының қызметкерін ұрлап әкеткендер Атырауда қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі атырау аудандық сотына сілтеме жасап.

Тергеу мәліметінше, 2015 жылдың 22 шілдесінде екі ер адам Атырау әуежайынан Астана тұрғынын ұрлап әкетті. Мұнай компаниясының қызметкері онда іссапармен барған. Қылмыскерлер автомобиль ұрлап, ішіне астаналықты отырғызып қойған. Олар ұрлаған адамдарын тапаншаға ұқсас затпен қорқытқан.

Тергеу органдары адам ұрлағандарға қатысты "Адам ұрлау" және "Автомобильді пайдакүнемдік мақсатсыз заңсыз иемдену " баптары бойынша қылмыстық іс қозғалды. Кейін Атыраудағы №2 сот екі күдіктіні қамауға алу туралы шешім шығарды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Түмен облысында қазақстандық әйелді сату үшін алып қашты деген күдікпен Өзбекстанның екі азаматы ұсталған болатын. Тергеушілердің хабарлауынша, болған оқиғаны жәбірленушінің қызы хабарлаған. Ол ІІМБ "сенім телефонына" Астана қаласынан қоңырау шалған. Қыз полицейлерге анасын біреулердің құлдықта ұстап отырғанын және оны босату үшін ақша талап етіп отырғанын айтып берді. Бастапқы кезде қылмыскерлер 1,5 миллион рубль (5,1 миллион теңге) сұраған, ал одан кейін соманы 700 мың рубльге (2,4 миллион теңге) дейін төмендеткен. Қарсы болған жағдайда олар қыздың анасын өлтіретінін айтқан. Құқық қорғау органы қызметкерлері өзбекстандықтарды келесі күні ұстады. Қазақстан азаматшасы жәбірленген жоқ.
Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети