15 маусым 2015 14:42

Ресейде Қазақстан азаматшасын ұрлағандар қамауға алынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© НТВ © НТВ

Түмен облысында қазақстандық әйелді сату үшін алып қашты деген күдікпен Өзбекстанның екі азаматы ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі аймақтық тергеу басқармасы баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Оқиға 11 маусымда болды.


Түмен облысында қазақстандық әйелді сату үшін алып қашты деген күдікпен Өзбекстанның екі азаматы ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі аймақтық тергеу басқармасы баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Оқиға 11 маусымда болды.

1976 және 1983 жылдары туған ер адамдарға әзірше айып тағылған жоқ, олар "пайда табу мақсатында адам ұрлау" бабы бойынша жауапкершілікке тартылады. Өзбекстанның екі азаматы да Ресейде заңсыз тұрғаны белгілі болды.

Тергеушілердің хабарлауынша, болған оқиғаны жәбірленушінің қызы хабарлаған. Ол ІІМБ "сенім телефонына" Астана қаласынан қоңырау шалған. Қыз полицейлерге анасын біреулердің құлдықта ұстап отырғанын және оны босату үшін ақша талап етіп отырғанын айтып берді. Бастапқы кезде қылмыскерлер 1,5 миллион рубль (5,1 миллион теңге) сұраған, ал одан кейін соманы 700 мың рубльге (2,4 миллион теңге) дейін төмендеткен. Қарсы болған жағдайда олар қыздың анасын өлтіретінін айтқан. Құқық қорғау органы қызметкерлері өзбекстандықтарды келесі күні ұстады. Қазақстан азаматшасы жәбірленген жоқ.

"Жәбірленуші ұсталғандардың бірімен 2015 жылдың мамырында пойызда танысқанын айтып берді. Ол өзінің биологиялық-белсенді қосымша саудасынан жақсы табыс тауып жүргенін мәлімдеген. Сонда күдікті қазақстандықты алып қашқысы келген. Ол досымен бірге Түмен қаласында пәтер жалдап, қазақстандық азаматшаны сауда бойынша келісім жасасуға шақырады. Олар әйелді пәтерде арқанмен байлап ұстап, қызынан ақша талап еткен", - деді Түмен облысы тергеу басқармасы қызметкерлері.

Айта кетейік, Ресей заңына сәйкес Қазақстан азаматшасын ұрлады делінген күдікпен ұсталған өзбекстандықтар 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

 

 
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети