Атырауда баланы ұрған тәрбиеші жазаланды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Видеодан алынған Видеодан алынған

Атырауда "Алтын балық" балабақшасының тәрбиешісіне қатысты сот үкімі шықты. Бұл туралы Атырау қаласының №2 сотының баспасөз қызметі хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Атырауда "Алтын балық" балабақшасының тәрбиешісіне қатысты сот үкімі шықты. Бұл туралы Атырау қаласының №2 сотының баспасөз қызметі хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Тәрбиеші ҚР ҚК-ның 110-бабы 2-бөлігі "Кәмелетке толмаған адамға азаптауды қолдану" бойынша айыпталды. Заң бойынша төрт жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Сот әйелді қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп тапты.

Сот отырысында тәрбиеші кінәсін ішінара мойындады. Прокурор мен жәбірленуші тарап соттан айыпталушыны бас бостандығынан айыруды сұрады.

"Заң бойынша жеңілдететін және ауырлататын мән-жай болмаған кезде жазаны 4 жыл 8 айдан асыруға болмайды. Тергеуші айыптау актісінде ауырлататын жағдай жоқтығын көрсеткен. Сотталушының кішкентай балаларының болуы жеңілдететін жағдай деп танылды (бұл жағдай заңда көрсетілген).

Сот айыпталушыға орташа қауіпсіз қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтеу арқылы, 4 жылға бас бостандығынан айыру үкімін шығарды", - деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ. Айыпталушыға күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.

Айта кетейік, 2020 жылғы желтоқсанда Атырау балабақшасында тәрбиешінің баланы ұрғаны түсірілген видео Желіде тараған еді. Кадрлардан әйел баланың басын, денесін ұрғанын, құлағын тартып, аяғын басқанын көруге болады. Бала жылап тұрып тәрбиешіні құшақтайды, алайда ол қол көтеруін тоқтатпайды. Сол айда осы факт бойынша тергеу аяқталып, қылмыстық іс сотқа жіберілді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 517.1  course up  588.21  course up  6.23  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro