18 желтоқсан 2020 14:24

Атырауда баланы ұрған тәрбиешінің видеосы Қазнетте талқыланып жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атырау балабақшасында тәрбиешінің баланы ұрған сәті түскен видео Қазнетте талқыланып жатыр. Кадрлардан әйел баланың басын, денесін ұрғанын, құлағын тартып, аяғын басқанын көруге болады. Бала жылап тұрып тәрбиешіні құшақтайды, алайда ол қол көтеруін тоқтатпайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Атырау балабақшасында тәрбиешінің баланы ұрған сәті түскен видео Қазнетте талқыланып жатыр. Кадрлардан әйел баланың басын, денесін ұрғанын, құлағын тартып, аяғын басқанын көруге болады. Бала жылап тұрып тәрбиешіні құшақтайды, алайда ол қол көтеруін тоқтатпайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видеоны баланың әкесі Instagram-дағы парақшасында жариялады. 

"2019 жылдың 18 қарашасында Атырауда сөйлеу қабілеті нашар балаларға арналған "Алтын балық" мемлекеттік мамандандырылған балабақшасында тәрбиеші ұлыма бірнеше рет қол көтерді. Ұлыма қатысты зорлық-зомбылық, қорлау және түрлі дене жарақаттарын келтіру деректері түсірілген балабақшаның бейнебақылау камераларынан 25 видео бар. Мұғалім әлі күнге дейін балалармен жұмыс істеп жүр", - деп жазған баланың әкесі. 

Баланың дамуында кідіріс бары және ересектер арасында не болғанын түсіндіре алмайтыны хабарланған. Баланың әкесінің айтуынша, олар түрлі ведомствоға жүгінген, бірақ нәтиже жоқ.

"13 ай өтті, нәтиже жоқ. Прокуратура мен қалалық полиция бөлімі үнемі кейінге қалдырады. Біздің отбасымыз үшін бұл үлкен күйзеліс. Біз, ата-аналар, өз баламызға қатысты әділдікті, тәрбиешіні баланың денсаулығына қасақана зиян келтіргені үшін жауапқа тартуды, сот процесін кейінге қалдырмауды талап етеміз", - деп қосты баланың әкесі.

Ол өз үндеуін Қазақстанның бас прокурорына, ішкі істер министріне, білім министріне, еңбек және әлеуметтік қорғау министріне, сондай-ақ Атырау облысының әкіміне және бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саинға жолдады.

Аружан Саин Атырау облысы Білім министрлігінің Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінен ақпарат берді.

"№20 "Алтын балық" балабақшасында тәрбиеленушіге тәрбиеші тарапынан қол тигізу дерегі болды. Бұл туралы баланың ата-анасынан қалалық білім бөліміне арыз түсті. Біз өтінішті Атырау облысы бойынша білім саласындағы бақылау департаментіне жолдадық. Тексеру қорытындысы бойынша департамент тәрбиешіге айыппұл салды. Тәрбиеші жұмыстан босатылды. Тәрбиеленушінің ата-анасы Ішкі істер департаментіне өтініш жолдады, қазіргі уақытта іс қозғалып, аталған факт бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Бұған дейінгі іс басқа бап бойынша қозғалған, алайда бір істе жаза тағы да айыппұл түрінде бола алмағандықтан іс тоқтатылды. Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің 110-бабы "азаптау" бойынша іс қозғалды", - делінген департамент хабарламасында.

Ақпарат бойынша, қалалық білім бөлімі тарапынан тәрбиешіден түсініктеме талап етілген, бірақ оның адвокаты сот шешімін күтуді сұраған. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.85   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети