08 шілде 2014 | 14:08

Атырауда браконьерлерге жәрдем берген полицейлер тұтқындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тengrinews.kz ©Тengrinews.kz

Атырау қаласының №2 соты Исатай аудандық полиция бөлімінің бірнеше қызметкерін тұтқындауға санкция берді, - деп хабарлайды "Интерфакс-Қазақстан" облыстық соттың баспасөз хатшысы Боранбай Ғалиевке сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Атырау қаласының №2 соты Исатай аудандық полиция бөлімінің бірнеше қызметкерін тұтқындауға санкция берді, - деп хабарлайды "Интерфакс-Қазақстан" облыстық соттың баспасөз хатшысы Боранбай Ғалиевке сілтеме жасап.

Оның айтуынша, Исатай аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетін және жойылып кету қаупі алдында тұрған түрлерінің заңсыз айналымы және пара алғаны жөніндегі айып бойынша екі айға тұтқындалды. Сонымен қатар, 27 маусым күні Исатай аудандық ішкі істер бөлімінің екі жедел уәкілін тұтқындауға санкция берілген. Оларға Қылмыстық кодекстің "Билікті немесе қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану" және "Өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетін және жойылып кету қаупі алдында тұрған түрлерінің заңсыз айналымы" баптарында көрсетілген қылмыстарды жасады деген күдік келіп отыр.

Сәуір айында Исатай аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы браконьерлерге қорған болу үшін 250 мың теңге мен үш келі қара уылдырық түрінде пара алып жатқан жерінде қолға түскен еді. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу кезінде полицей өзін жайсыз сезінгендіктен, дәрігерлер оны ауруханаға жатқызды. Медициналық жәрдемнен соң полицей ауруханадан қашып кетті. Кейін қала орталығындағы құрылыс аумағынан оның асылып тұрған мәйіті табылды.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети