27 сәуір 2014 22:12

Атырауда аудандық полиция бастығы өлі күйінде табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алтынбек Құбайдуллиннің ұсталған сәті.  Tengrinews.tv кадры Алтынбек Құбайдуллиннің ұсталған сәті. Tengrinews.tv кадры

Атырауда қара уылдырық түрінде пара алды деп айыпталған Исатай аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы Алтынбек Құбайдуллин өлі күйінде табылды, - деп хабарлайды "Ақ Жайық" порталы. Бұған дейін Құбайдуллиннің ауруханадан қашып кеткені хабарланған болатын.


Атырауда қара уылдырық түрінде пара алды деп айыпталған Исатай аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы Алтынбек Құбайдуллин өлі күйінде табылды, - деп хабарлайды "Ақ Жайық" порталы. Бұған дейін Құбайдуллиннің ауруханадан қашып кеткені хабарланған болатын.

Басылымның мәліметінше, 32 жастағы полиция майорының мәйіті 27 сәуір күні күндіз Гурьевская көшесінде салынып жатқан құрылыс нысандарының бірінен табылған. Алдын ала мәлімет бойынша ер адам асылып өлген.

"Оқыс өлім түрлі қауесеттің тууына себеп болды, "полицейді асып кетті", "атып кетті" деген әңгімелер тарап жатыр. Оқиғаның мән-жайы сот-медициналық сараптамасынан соң белгілі болады", - деп жазады портал.

Марқұмның отбасы Индербор елді мекенінде тұрады, оның артында ата-анасы, әйелі мен үш баласы қалды. Еске салайық, 21 сәуірде Атырауда қаржы полицейлері Құбайдуллинді 250 мың теңге және үш келі қара уылдырық түрінде пара алып жатқан жерінде ұстаған еді. Аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы осылайша браконьерлердің ісін бүркемелемек болған. 

Жауап алу кезінде ер адам өзін жайсыз сезініп, ауруханаға түскен. Медициналық жәрдемнен соң ол ауруханадан қашып кетеді. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети