1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Қылмыс

Атырауда есірткі сайттарының "промоутері" ұсталды 26 қаңтар 2021, 10:16

Атырауда есірткі сайттарының "промоутері" ұсталды: жергілікті тұрғын олардың атын қабырғалар мен үйлердің қақпаларына жазып кеткен. Енді "промоутер"
Көрнекі сурет ©️ 7news.kz Көрнекі сурет ©️ 7news.kz

Атырауда есірткі сайттарының "промоутері" ұсталды: жергілікті тұрғын олардың атын қабырғалар мен үйлердің қақпаларына жазып кеткен. Енді "промоутер" жазаланады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы Атырау облысының Полиция департаментінің өкілдері айтты. 

Облыстық департамент мәліметінше, "промоутер" қабырғалар мен үйлердің қақпаларына бірнеше сайттың атын жазып кеткен. Бұл порталдар есірткі мен психотроптық заттарды насихаттаған. 

"Полиция қызметкерлері 33 жастағы күдіктіні ұстады. Бұл дерек бойынша, Қылмыстық кодекстің 299-1-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр", - дейді ПД баспасөз қызметінің өкілдері. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!