Атырауда жартылай жалаңаш күйде іш киім жарнамалаған қыздар жазаланатын болды

02 Маусым 2015, 14:32
4
Атырауда жартылай жалаңаш күйде іш киім жарнамалаған қыздар жазаланатын болды - ©Tengrinews.kz
©Tengrinews.kz

Атырауда жартылай жалаңаш күйде іш киім жарнамалаған қыздарға жаза тағайындалды, - деп хабарлайды "Мой город"

Басылымның мәліметінше, іш киіммен көшеде би билеген 1995 жылы туылған ақтаулық қыздар болып шықты. Екі қызға қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылықтар кодексінің 434-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Айта кетейік, бұл бап ұсақ бұзақылық ретінде қарастырылады және 10 АЕК көлемінде айыппұл салу немесе 10 күнге қамауға алу жазасы қолданылады. Іс материалдары сот органдарына жолданды.

Сонымен қатар, іш киім сататын дүкен алдында қойылған автомобильдің егесінің кім екені анықталды. Ол дүкен иесінің туысы болып шықты. Автомобильді тұраққа қою ережесін бұзғаны үшін жүргізушіге ҚР ӘҚ 597-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Еске салайық, осыған дейін жергілікті ақпарат құралдарының біріне ұялы телефонмен түсірілген видео кадрларын оқырман жіберген болатын. Оқиға Махамбет көшесінде "Бюстье" дүкенінің алдында болды. Бір минутқа созылатын видеода жартылай жалаңаш қыздардың дүкен маңында би билеп жатқаны көрінеді. 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (4)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай