14 қазан 2017 14:40

Атырауда "ҚазАвтоЖол" филиалының бөлім басшысы пара алғаны үшін ұсталды - прокуратура

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атырауда "Қазавтожол" ҰҚ" АҚ филиалының бөлім басшысы пара алғаны үшін ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыс прокуроры Ернат Сыбанқұловқа сілтеме жасап. 


Атырауда "Қазавтожол" ҰҚ" АҚ филиалының бөлім басшысы пара алғаны үшін ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыс прокуроры Ернат Сыбанқұловқа сілтеме жасап. 

Атырау облыстық прокуроры Ернат Сыбанқұловтың мәліметінше, 2017 жылы 13 қазанда облыс прокуратурасының координациялауымен ҰҚК департаментінің қызметкерлері "Қазавтожол" ҰҚ" АҚ қызметкерін тұтқындады. 

Сыбанқұловтың айтуынша, 2017 жылы 28 қыркүйекте облыстық ҰҚК департаментіне бір азамат келіп, "Қазавтожол" қызметкерлері тарапынан ақша бопсалау дерегі туралы хабарлаған. Олар мемлекеттік сатып алу конкурсында жеңіп алған жол жөдеу жұмыстары кезінде компаниялардан әр түрлі әрекеттер мен әрекетсіздіктер үшін ақша сұраған. 

"Облыстық прокуратура дереу құпия тергеу жүргізуге санкция беріп, соның нәтижесінде деректер расталып, дәнекерші арқылы аса ірі көлемде 73 300 АҚШ долларын пара ретінде мердігер компаниядан атқарылған істер үшін алып жатқан жерінен облыстық ҰҚК департаментінің қызметкерлері "Қазавтожол" АҚ бөлімінің басшысы ұсталды", - деді прокурор. 

 

Қазірігі уақытта күдікті Атырау ІІД уақытша қамау изоляторына жабылды. Слтқа дейінгі тергеу шаралары ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабы 4-бөлігі ("Пара алу") бойынша жүріп жатыр. Осы істі облыстық прокуратура басты назарда ұстайды. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.66   490.7   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети