28 желтоқсан 2016 09:25

Атырауда Өтеуовтің даулы хатында аты аталған полицейлер сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Манарбек Өтеуов. © "Ақ Жайық" басылымында жарияланған видеоның кадры. Манарбек Өтеуов. © "Ақ Жайық" басылымында жарияланған видеоның кадры.

Атыраулық экс-полицей Манарбек Өтеуовтің хатында аттары аталған 8 полицейдің төртеуіне сот үкім кесті, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.


Атыраулық экс-полицей Манарбек Өтеуовтің хатында аттары аталған 8 полицейдің төртеуіне сот үкім кесті, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Олардың барлығы да өз кінәсын мойындап, мемлекеттік айыптаушымен процессуалдық келісімге келген. Ал өзге 4 экс-полицейге қатысты үкімі ертең шығады деп күтілуде. 

Нақтырақ айтқанда, аға анықтаушы Александр Ким мен анықтаушы Аслан Хайруллиннің әрқайсысы шартты түрде 2 жылдан арқаласа, жедел уәкілдер Азидолла Баянов - 2 жарым, Әли Қабдешев - 3 жылға бас бостандықтарынан айрылды.

Еске салайық, бұларға қатысты қылмыстық істің қозғалуына себепші болған - Манарбек Өтеуовтың өзіне 4 бап бойынша кінә тағылған болатын. Судья бұл жолы оны 5 жылға бас бостандығынан айырды. Бірақ оған мұның алдында кесілген 22 жыл сол күйі қалдырылды. Қылмыстық Кодекстің 6 түрлі ауыр бабымен айыпталған жалпы 9 полицейдің ісі 28 томды құраған. Ал бұлардың басшылары - Атырау қалалық криминалдық полиция бастығы Нұрболат Қабдешев пен аға жедел уәкіл Бейбіт Шалтеновтің ісі бөлек қаралып жатыр. (Дереккөз: КТК)

Ал осыған дейін полицияның сұмдығын аштым деп жарияға жар салған Манарбек Өтеуов күтпеген мәлімдеме жасаған болатын. Ол осыған дейінгі мәлімдемелерін жоққа шығарып, бар кінәні өзіне алды. 

Еске салайық, әлеуметтік желілерде атыраулық экс-полицей Манарбек Өтеуовтің ашық хаты жарияланып, кеңінен таралған болатын. Нақтырақ айтсақ, Атырау қаласы Ішкі істер басқармасының бұрынғы қызметкері, 23 жастағы Манарбек Өтеуов 2015 жылдың тамызында басшыларының бұйрығымен адам өлтіргенін мойындап, хат жазған. Ол хатында адамдардың нақты аты-жөндерін атап, қалалық полиция қызметкерлерінің бірнеше кәсіпкерлерге "жәрдемдесетінін" айтады.

"Басшыларымның бұйрығымен мен Атырау қаласының тұрғындары мен кәсіпкерлеріне қатысты 100-ге жуық қылмыстық іс жасадым. Ақша төлемегендерді түрмеге отырғыздық, оларды шығару үшін 500 мың теңгеден 7 миллион теңгеге дейін ақша талап еттік. Алматы қалалық ІІБ осылайша ауқымды бизнес-орталыққа айналды", - деп жазған Өтеуов хатында.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети