Атырауда Исатай аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы Алтынбек Құбайдуллиннің өлімі бойынша екі қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Атырау облыстық прокуратурасының ресми өкілі Аслан Нұрғалиевке сілтеме жасап.

"Дерек бойынша іс қозғалды. 346-баптың 1-бөлігі бойынша арнайы прокуратура іс қозғады. Бұл - заңсыз ұстау дерегі. Сонымен бірге, Атырау облыстық ішкі істер департаменті 102-бап - өзін-өзі өлтіруге итермелеу бойынша іс қозғады", - деп хабарлады прокуратура өкілі.
Еске сала кетейік, 21 сәуірде Атырауда қаржы полицейлері Құбайдуллинді 250 мың теңге және үш келі қара уылдырық түрінде пара алып жатқан жерінде ұстаған еді. Қаржы полициясының мәліметінше, аудандық полиция бөлімінің бастығы бұл сыйақы үшін браконьерлердің әрекетін бүркемелемек болған. 28 сәуір күні полиция майоры Атыраудағы құрылыс нысандарының бірінде асылған күйі табылды. Кеше Астанада ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов Құбайдуллинге басшылық тарапынан ешқандай кінә қойылмағанын айтты. Министр арнайы прокурордың оқиғаға қатысты дербес тергеу жүргізетінін де хабарлады.