19 мамыр 2022 18:35

Атырауда полицейлер әрекетсіздігі үшін сотталды

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тұрар Қазанғапов ©Тұрар Қазанғапов

Атырауда әйелдің арызын елемеген учаскелік полицейлер сотталды. Сондай-ақ, құқықбұзушылықты жасырды деген күдікке ілінген жедел уәкіл және тергеуші де сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қаланың № 2 сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Атырауда әйелдің арызын елемеген учаскелік полицейлер сотталды. Сондай-ақ, құқықбұзушылықты жасырды деген күдікке ілінген жедел уәкіл және тергеуші де сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қаланың № 2 сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жәбірленуші Д. полицияға танысы У. ұрлап кетіп, зорлап, кейін үйіне заңсыз кіргені туралы арыз бергені анықталды.

"Алайда учаскелік полиция инспекторлары А. және К. жәбірленушінің арызын қарамай, оны жасырған. Қ. қылмысты ашу бойынша ешқандай әрекет жасамай, жалған хаттама толтырып, өз жұмысын жеңілдету мақсатында әрекетсіз отырған", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, жедел уәкіл Т. мен тергеуші Л. ұрлау мен зорлау дерегін тергеу үшін ешқандай шара қолданбағаны айтылды.

"Өз жұмысын жеңілдетіп, ауыр санаттағы екі қылмысты әдейі жасырды. Нәтижесінде У. өзінің жазаланбайтынын біліп, денсаулыққа ауыр зиян келтірді", - деп толықтырды сотта.

Сотталушылардың кінәсі жәбірленушінің, оның өкілінің, куәгерлердің айғақтарымен, сараптама қорытындыларымен, бейнежазбалармен дәлелденді.

Сотталушылар арнайы атақтарынан айырылды. Сондай-ақ, сот үкімімен бұрынғы полиция инспекторлары мен жедел уәкілге 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Экс-тергеуші құқық қорғау органдарында қызмет ету құқығынан өмір бойына, сонымен қатар, 3 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұрынғы инспекторлар мен жедел уәкілдер тиісті құқығынан 5 жылға айырылды.

"Рақымшылық жасау туралы заңға сәйкес Т. мен Л.-ға тағайындалған бас бостандығынан айыру жазасы үштен бірге қысқартылды", - деп нақтылады сотта.

Үкім заңды күшіне енбеген.

Сонымен қатар, "Мой город" порталы "НеМолчиKZ" қорының басшысы Дина Таңсәрінің мәлімдемесіне сілтеме жасап, 2021 жылғы сәуірде ер адам үш баланың анасының ізіне түсіп, зорлағанын жазды. Оқиғадан кейін жәбірленуші күні бойы учаскелік полицейді үйінде күткені айтылды. Бірге учаскеге баратын ешкім болмаған соң, ол далаға шығуға қорыққан. Кейін учаскелік полиция қызметкері келген, бірақ арызды оқиға орнындағы учаскеге жазу керегін айтып, оны қабылдамаған.

"Осымен оқиға аяқталмаған. Ол босатқаннан кейін де әйелдің ізіне түсуді жалғастырған. Дина Таңсәрінің айтуынша, жәбірленуші бірнеше рет полицияға жүгінген. 20 сәуірде ер адам үйге балкон арқылы кіріп, әйнекті сындырып, әйелді басынан ұрған. Осыдан кейін ер адам дәретханаға кіріп, асылып қалған", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети