21 маусым 2019 12:16

Атырауда полицейлердің сыйақысын алып қойған басшылары сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атырауда жергілікті полиция қызметінің басшылары қоластындағылардан пара алғаны үшін сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Атырауда жергілікті полиция қызметінің басшылары қоластындағылардан пара алғаны үшін сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Олар қызметтік өкілеттігін асыра пайдалана отырып, қарамағындағылардан жалпы қамқорлығы үшін пара бопсалап, сондай-ақ оларға сыйақыларының 50 пайызын төлеуге мәжбүр еткен.

"Атырау облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Атырау қалалық полиция басқармасы Жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары және бөлімше бастығына қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады. Биыл 19 маусымда Атырау қаласы № 2 сотының үкімімен Жұмашев және Балтаев түрлі айыппұлға сотталды", - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Сондай-ақ, сотталғандар өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан және арнаулы атақтарынан айырылғаны айтылады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети