02 ақпан 2017 | 16:53

Атырауда прокурордың бұрынғы көмекшісі өзін-өзі өртеу әрекетінен кейін қамауға алынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Атырауда прокурордың бұрынғы көмекшісіне өз-өзін өртеу әрекетінен кейін бұлтартпау шарасы қатаңдатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Иконка комментария блок соц сети

Атырауда прокурордың бұрынғы көмекшісіне өз-өзін өртеу әрекетінен кейін бұлтартпау шарасы қатаңдатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Облыстық соттың баспасөз қызметі мемлекеттік айыптаушының шағымы бойынша өз-өзін өртеуге тырысқан әйелдің екі айға қамауға алынғанын хабарлады.

Қазіргі уақытта әйел ауруханада. Сондықтан сот отырысына қатыспады. "Ал үкім жылдам орындалуға тиіс болғандықтан, айыпталушы арнайы палатаға ауыстырылып, күзетке алынады", - дейді ведомство өкілдері.

Еске салайық, Атырау облысы прокурорының бұрынғы көмекшісі 2016 жылдың тамызынан бері үй қамауында болған еді. Ол ұсталғандардың, қамауға алынғандардың және қылмыстық жаза өтеп жатқандардың құқықтарын сақтау саласында жұмыс істеген. Ол ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабында ("Пара алу") қарастырылған қылмыс жасады деген күдікке ілінген. Смадиярова өзіне тағылған айыптармен келіспей, жала жабылды деген еді.

Кейін, 31 қаңтарда денесін күйік шалған 37 жастағы Самдярова ауыр жағдайда облыстық ауруханаға жеткізілген болатын.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети