Атыраудың бұрынғы әкімі қылмысқа қатысым жоқ деп отыр

27 Қаңтар 2014, 14:26
0
Атыраудың бұрынғы әкімі қылмысқа қатысым жоқ деп отыр - Асқар Керімов. ©Баубек Қоңыров
Асқар Керімов. ©Баубек Қоңыров
Атырау қаласының бұрынғы әкімі Асқар Керімов өзінің заңсыз тендерлерге қатысы барын жоққа шығарды деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі сот залынан.

"Өзімді кінәлімін деп есептемеймін, айыптауларды мойындамаймын. Қандай да бір заңсыз тендерлерге, жекешелендірулер мен құрылыстарға қатысым болмады, қатысым жоқ та", - деді Асқар Керімов журналистерге сот отырысы үзілісінде.

Экс-әкімнің айтуынша, тергеу кезінде ол бұл туралы айтқан, бірақ тергеуші мұндай мәлімдемені елемей отыр. "Тергеу біржақты жүргізілді. Тергеушілер заңбұзушылыққа көп жол берді. Басқа да көптеген жайт болды. Бұл фактілер сот барысында белгілі болады деп ойлаймын", - дейді Асқар Керімов.

Атыраудың бұрынғы басшысы соттың әділ өтетініне сенім білдірді. Оның айтуынша, өзінің және адвокатының сот процесіне қатысты қандай да бір наразылығы жоқ.

"Изоляторда жағдай жақсы, қамту және басқа да жайттар бойынша талабым жоқ. Іші жылы, тамақ беріліп жатыр. Өзімді жақсы сезінемін, енді тек соттың әділдігіне үміт артамыз", - дейді айыпталушы.

Еске салайық, Рысқалиевтің ұйымдасқан қылмыстық тобына қатысты іс бойынша 22 айыпталушы сотта жауап беріп жатыр. Оларға Қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша айып тағылған. Бұл қылмыстық топқа қатысты іс 777 томнан тұрады.

Сот барысында 40-қа жуық куәгерден жауап алынады. Прокурор Тұрсынай Бурабаеваның айтуынша, айыптау қорытындысының өзі 52 томды құрайды. Процеске Атырау облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Гүлмира Дәулетова төрағалық етуде. Қосалқы судья ретінде осы соттың өкілі Жұмағали Тәшімов тағайындалды.

Айта кетейік, Бергей Рысқалиев құрған қылмыстық топ мемлекетке 71 млрд теңгеден астам залал келтірген болатын.



  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай