15 қыркүйек 2017 15:27

Атышулы Мақсат Үсенов марихуанамен ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атышулы Мақсат Үсенов тағы да істі болды. Бұл жолы Алматы қаласы Алмалы аудандық сотында есірткі қолдану дерегі бойынша сот отырысы өтті, - деп хабарлайды patrul.kz.


Атышулы Мақсат Үсенов тағы да істі болды. Бұл жолы Алматы қаласы Алмалы аудандық сотында есірткі қолдану дерегі бойынша сот отырысы өтті, - деп хабарлайды patrul.kz.

Соттағылардың айтуынша, Мақсат Үсенов биыл тамыз айының соңында Жандосов көшесінің бойындағы мейрамханада түскі ас ішкеннен кейін серуендеп қайтуды ұйғарғанын айтты. Әуезовпен қиылысқан тұста ол сіріңке қорабын тауып алған-мыс. Ол сіріңке қорапшасын тепкен, ішінен жасыл түсті шөп қурандысы шашылған. Оны қалтасына салып кете барған. Компьютерлік клубқа барғаннан кейін ол қорапшаны есіне түсіріп, "дымды да түсінбестен" далаға шығып, "марихуананы орап, шегіп көрген". Сотталушы Мақсат Үсеновтің айтуынша, ол есірткіні өмірінде тұңғыш рет қолданып көрген. Бұдан кейін ол ешқашан мұнысын қайталамайтынын айтқан.

Ал Үсеновті "ерекше иісі бар жасыл түсті затпен" ұстап алған полицейлер оны медициналық куәландыруға жөнелткен. Сараптамадан Үсеновтің есірткіге мас болып қалғаны анықталған. Сондай-ақ, зерттеуге берілген қорапша ішіндегі зат марихуана болып шыққан және оның салмағы 2,26 грамм болған.

"Сот Мақсат Қажымұратұлы Үсеновті ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабының 2-бөлігінде қарастырылған қылмыстық іс жасады деп танып, 200 АЕК көлемінде айыппұл салды (453 800 теңге)", - делінген Алмалы аудандық сотының үкімінде.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети