Ауқымды операция: Қазақстанда 76 шетелдік ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ауқымды операция: Қазақстанда 76 шетелдік ұсталды Бейнеден кадр

Қазақстанда есірткі қылмысы үшін бірнеше шетел азаматы ұсталды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz басылымына сілтеме жасап.


Қазақстанда есірткі қылмысы үшін бірнеше шетел азаматы ұсталды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz басылымына сілтеме жасап.

ІІМ мәліметінше, қаңтар-сәуір айларында есірткінің заңсыз айналымына қатысты істер бойынша 76 шетел азаматы ұсталды. Олардың 23-і есірткі өткізу, үшеуі аса ірі мөлшерде сақтау, тағы 29-ы контрабанда бойынша күдікке ілінген.

Өңірлердегі және шетелдегі операциялар

ІІМ қызметкерлері шетелдіктердің қатысуымен есірткі өсіру, жарнамалау және насихаттау жағдайларын анықтаған.

Шетелдік әріптестермен өзара іс-қимыл аясында елдердің бірінде іздеуде жүрген күдікті ұсталған. Полицияның мәліметінше, ол Қарағандыда синтетикалық есірткі өндірісін қашықтан ұйымдастырған.

Астанада еуропалық елдің 32 жастағы азаматының заңсыз әрекетіне тосқауыл қойылған. Ол "көтерме сатушы" (закладчик) ретінде жұмыс істеді деп күдікке ілінген. Жалдамалы пәтерден 1,5 келі синтетикалық және каннабис тобындағы есірткі тәркіленген.

Алматыда Шығыс Еуропаның 44 жастағы тумасы ұсталған. Одан 1,2 келі A-PVP синтетикалық заты алынған.

Ақтауда полицейлер шекаралас мемлекеттің 21 жастағы азаматшасының қызметін тоқтатқан. Тергеу нұсқасы бойынша, ол есірткіні жасырын қойып кету (закладка) арқылы таратқан. Одан 30 грамм мефедрон табылған.

ІІМ хабарлауынша, қабылданған шаралар есірткі өткізу арналарының жолын кесуге және тыйым салынған заттардың, соның ішінде жастар арасында таралуына жол бермеуге мүмкіндік берген.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 464.9   543.53   6.16 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер