Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Қылмыс

Автомат, тапанша, граната: ҰҚК тәркіленген қару-жарақтардың суретін жариялады 07 маусым 2023, 10:22

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстанның бірнеше облысында тәркіленген қару-жарақтардың суреттерін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Қате таптыңыз ба?

Фото: ҰҚК Фото: ҰҚК

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстанның бірнеше облысында тәркіленген қару-жарақтардың суреттерін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

2023 жылдың сәуір, мамыр айлары аралығында ҰҚК полициямен, сондай-ақ прокуратура органдарымен бірлесе отырып қарудың заңсыз айналымына, оның ішінде қаңтар оқиғасында ұрланған қаруларға қарсы бірқатар жедел-іздестіру шараларын жүргізгені хабарланды.

"Нәтижесінде 42 қару, (МП-40 автоматы, Драгунов снайперлік мылтығы, 22 мылтық, 18 тапанша) 8 граната, 2 РПГ снаряды, әртүрлі калибрлі 4 051 патрон, сонымен қатар, оқ өтпейтін кеудешелер, радиостанциялар мен пышақтар", - делінген хабарламада.

Аталған фактілер бойынша соталды тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Заңсыз айналымдағы қаруды іздеу және алу шаралары жалғасады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

  • ПОДЕЛИТЬСЯ

Join Telegram