29 қазан 2021 17:03

Аяжан Еділованың өлімі: сотталушы алқабилер сотынан бас тартты

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Аяжан Еділова Аяжан Еділова

Аяжан Еділованың өліміне қатысты күдікті алдын ала тыңдау кезінде алқабилер сотынан бас тартты. Бұл туралы Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Аяжан Еділованың өліміне қатысты күдікті алдын ала тыңдау кезінде алқабилер сотынан бас тартты. Бұл туралы Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Алдын ала тыңдау өтті. Басты сот талқылауы 9-қарашаға белгіленген. Сот процесі жабық өтеді. Сотталушы істі алқабилер сотымен қарау құқығынан бас тартты. Заңға сәйкес істі судья жеке қарайды", - деп хабарлады Алматы қалалық сотының баспасөз хатшысы.

Айта кетейік, 19 наурызда Алматы қаласының тұрғыны Аяжан Еділова жұмыстан шыққаннан кейін хабарсыз кеткен. Бірнеше күннен кейін Алматы ПД өкілдері қыздың қаза болғанын хабарлаған еді. Жоғалған күні Аяжан жаңадан танысқан ер адаммен кездесуге келіскені анықталды. Күдікті ретінде Түркістан облысының тұрғыны, 1993 жылы туған ер адам ұсталған.

Кейінірек 19 жастағы Аяжан Еділованың өліміне қатысты істің мән-жайы анықталған еді.

Туыстары 19 жастағы Аяжан Еділованың өліміне қатысты тергеудің мән-жайын айтып берген. Жәбірленушінің ағасы Алмат Мүліковтың айтуынша, күдікті фармацевт мамандығында оқып, академиялық үлгерімсіздігі үшін екінші курстан кейін оқудан шығарылған. Алматыда пәтер жалдап тұрған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети