14 шілде 2016 18:03

Аян Мейірбаев Ерасыл Әубәкіровті өлтіру ісі бойынша жәбірленушіге айналған болуы мүмкін - пікір

ПОДЕЛИТЬСЯ

Аян Мейірбаев. © Vk.com Аян Мейірбаев. © Vk.com

Аян Мейірбаев Ерасыл Әубәкіровті өлтіру ісі бойынша жәбірленушіге айналған болуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі осы іс бойынша фигуранттардың бірі Нұрбек Әжімбайдың адвокаты Серік Сәрсеновке сілтеме жасап.


Аян Мейірбаев Ерасыл Әубәкіровті өлтіру ісі бойынша жәбірленушіге айналған болуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі осы іс бойынша фигуранттардың бірі Нұрбек Әжімбайдың адвокаты Серік Сәрсеновке сілтеме жасап.

"Тергеу аяқталды, қазір айыпталушылар мен адвокаттар іс материалдарымен таныса бастады. Істің фабуласына қарағанда, Аян Мейірбаев жәбірленуші болып танылған шығар деп ойлаймын", - деді Сәрсенов.

Астана прокуратурасы мен ҚР ІІМ өкілдері бұл мәліметке қатысты әзірше пікір білдірмей отыр. "Е.О.Әубәкіровтің өлімі дерегі бойынша қылмыстық істің сотқа дейінгі тергеуі аяқталды. Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша жәбірленушілер мен олардың өкілдеріне, күдіктілерге, сонымен қатар олардың қорғаушыларына тергеу әрекеттерінің аяқталып, қылмыстық іс материалдарымен танысудың басталғаны хабарланды. ҚР ҚПК талаптарына сәйкес, сотқа дейінгі тергеудің мәліметтері жария етуге жатпайды. Мәліметтер прокурордың рұқсатымен, егер тергеу мүддесіне қайшы болмаса және өзге тұлғадардың құқығын бұзу мен заңды мүдделерін бұзбаса жария етілуге жатады", - делінген ҚР ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің Tengrinews.kz сауалына берілген жауабында.

"Сіздің сауалыңызға қатысты хабарлаймыз: А.Мейірбаевқа қатысты процессуалдық шешімді ҚР ІІМ Тергеу департаменті қабылдады. Қазіргі уақытта қылмыстық істің қатысуылары ҚР ҚПК-нің 294-396-бабының талабы бойынша іс материалдарымен танысуды бастады. А.Мейірбаевқа қатысты қабылданған процессуалдық шешімнің заңдылығы қылмыстық іс прокуратураға түскен жағдайда тексеріледі", - деп хабарлады өз кезегінде прокуратурадағылар.

Осыған дейін Ерасыл Әубәкіровтің өлімі бойынша істе Аян Мейірбаевтың кепілақымен босап шыққаны белгілі болған еді. Аян Мейірбаевқа қатысты қылмыстық қудалау тоқтатылған болатын.

Еске салайық, 23 жастағы Ерасыл Әубәкіровтің зорлық белгілері бар мәйітін полицейлер 10 ақпанда тапқан болатын. Кісі өлтірді деген күдікпен төрт адам ұсталды. Ерасыл Әубәкіров елордадағы медициналық университеттің алтыншы курсының студенті еді. Ол 3 ақпанда үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған. Келесі күні оның жоғалғаны жайлы хабарды достары таратты.

Ал күдіктілер Андрей Тихоненко, Виталий Шерстенев, Нұрбек Әжімбайларды қамауда ұстау мерзімі 10 тамызға дейін ұзартылды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети