28 маусым 2016 12:03

Аян Мейірбаевты босату туралы сот санкциясы шықпаған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада студент Ерасыл Әубәкіровтің өлімі бойынша істің фигуранты Аян Мейірбаев соттың санкциясы шықпаса да босап шыққан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана қалалық сотының баспасөз хатшысы Ботагөз Баяноваға сілтеме жасап. 


Астанада студент Ерасыл Әубәкіровтің өлімі бойынша істің фигуранты Аян Мейірбаев соттың санкциясы шықпаса да босап шыққан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана қалалық сотының баспасөз хатшысы Ботагөз Баяноваға сілтеме жасап. 

"Тергеудегі тұлғаларды босату туралы мәселені іс бойынша тергеушінің процессуалдық прокурорының келісімімен, сотта қарастырылмай шеше алады. Сот бұл материалды қарастырмады", - деп хабарлады ол.

"2016 жылдың 12 ақпанында Астананың Алмады аудандық №2 соты А.Мейірбаев, А.Тихоненко, В.Шерстенев, Н.Әжімбайға қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады. Олар Астананың медициналық университетінің студенті Е.Әубәкіровті өлтіру ісінде ҚР ҚК-ның 99-бабының 2-бөлігінің 7-пункті бойынша күдікті. Қазіргі уақытта сот сотқа дейінгі тергеу органдарының өтініштерінің негізінде Андрей Тихоненко, Виталий Шерстенев, Нұрбек Әжімбайға қатысты қамауда ұстау мерзімін 2016 жылдың 10 тамызына дейін ұзартты. Мейірбаев Аянға қатысты осындай өтінішті сотқа дейінгі тергеу органы бермеді", - делінген соттың ресми сайтындағы хабарламада.

Осыған дейін Ерасыл Әубәкіровтің өлімі бойынша істе күдікті Аян Мейірбаевтың кепілақымен босап шыққаны белгілі болған еді. Аян Мейірбаевқа қатысты қылмыстық қудалау тоқтатылды.

Еске салайық, 23 жастағы Ерасыл Әубәкіровтің зорлық белгілері бар мәйітін полицейлер 10 ақпанда тапқан болатын. Кісі өлтірді деген күдікпен төрт адам ұсталды. Ерасыл Әубәкіров елордадағы медициналық университеттің алтын курсының студенті еді. Ол 3 ақпанда үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған. Келесі күні оның жоғалғаны жайлы хабарды достары таратты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети