23 қыркүйек 2020 09:40

Аяусыз соққыға жығылған павлодарлық әйел күйеуінен қорғауды сұрады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: ©Тұрар Қазанғапов Фото: ©Тұрар Қазанғапов

Павлодарда аяусыз соққыға жығылған 33 жастағы әйел өзін және 2 жасар ұлын күйеуінен қорғауды сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Павлодарда аяусыз соққыға жығылған 33 жастағы әйел өзін және 2 жасар ұлын күйеуінен қорғауды сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Отбасылық зорлық-зомбылықтан құрбан болған әйел туралы павлодарлық аналар үйінің басшысы Әсел Әбішева Facebook желісіндегі парақшасында жазды.

"Бізге әйел ауруханада жатып, күйеуі ұрғаннан кейін келді. Оның қабағын тіккен. Ол қатты қорқып қалыпты. Әйел күйеуін ешкім тоқтата алмайтынына сенімді болған. Мен оған көмектесуді сұрадым", - дейді Әбішева.

Ол желідегі жазбасына аяусыз соққыға жығылған әйелдің және ұрып-соғу іздері бар фотосын да жариялаған.

"Күйеуім не істесе де, ол жазадан құтылып кететін. Ол қабырғаларымды да сындырды. Кеше қанша литр қан жоғалтқанымды сіздер елестете алмайсыздар. Анама да оңай болған жоқ. Мұның бәрі баламның көз алдында болды. Полиция шағымды қабылдады. Бірақ учаскелік полиция инспекторы онымен алдағы уақытта кездейпейтінімізді ескертті. Алайда ол осы уақыт аралығында барлығымен келісіп үлгереді. Осы шағым үшін екінші көзімді шығаратын шығар", - делінген жазбада.

Жәбірленуші күйеуінің құқық қорғау органдарында байланысы барын, туыстарының бірі сол жерде жұмыс істейтінін атап өтті. Ол екі жасар баласы үшін қорқатынын, оны күйеуі алып кетуі мүмкін екенін жеткізді.

"Осы жылдың сәуірінен бастап мен күйеуімнен ажырасуды сұрадым, қол көтермеуін өтіндім. Ол: "тек мен өлген соң немесе баладан бас тартатыныңды жаз" деді. Бірақ баласы оған керек емес. Ол менің қиналғанымды қалайды", - дейді әйел.

Әлеуметтік желідегі жазбаға қатысты Павлодар облысы полиция департаментінің басшысы Нұрлан Мәсімов пікір білдірді.

"Бұл факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 107-бабы ("Денсаулыққа қасақана орташа зиян келтіру") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тергеу шаралары жүргізіліп жатыр", - деді ол.

Сондай-ақ, полиция басшысы бұл іс оның жеке бақылауында екенін атап өтті.

Қазіргі таңда жәбірленуші Павлодар ауруханаларының біріндегі офтальмология бөлімшесінде емделіп жатыр. Дәрігерлер оның жағдайы орташа ауыр екенін айтады.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети