14 наурыз 2017 13:32

Әйелін көңілдесімен жатқан жерінен ұстап алған күйеуі оларға пышақ ала жүгірген

ПОДЕЛИТЬСЯ

YouTube YouTube

Шығыс Қазақстан облысында жергілікті тұрғын төсекте әйелі мен танысын ұстап алып, ер адамға ауыр жарақаттар салған. Осы қылмысы үшін ер адам үш жылға бас бостандығы шектелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Шығыс Қазақстан облысында жергілікті тұрғын төсекте әйелі мен танысын ұстап алып, ер адамға ауыр жарақаттар салған. Осы қылмысы үшін ер адам үш жылға бас бостандығы шектелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Іс материалдарында оқиғаның биыл ақпан айының басында болғаны айтылады. Риддер тұрғыны әйелі және танысымен мерекені тойлап жатқан. Таныстар ішімдік ішкен. Бір мезетте ер адам үйден шығып кетіп, қайтып келген сәтінде әйелі мен танысын төсекте жатқан жерінен ұстап алады. Осыны көрген ер адам ашуға булығып асханалық пышақты алып, қарсыласына бірнеше соққы жасайды. 

Осы оқиғадан зардап шеккен танысы ауыр жарақатпен ауруханаға түседі. Дәрігерлер оның өмірін аман алып қалған. Сот отырысы басталған кезде ер адам осы іске өкінетінін айтып, кінәсін мойындаған. Ер адам зардап шегушінің шығындарын толығымен өз мойнына алған. Сот зардап шеккен ер адамның ерсі қылыққа барып, осы ашуды туғызғанын да есепке алды.

Риддер қалалық соты адам денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіргені үшін ер адамды үш жылға бас бостандығын шектеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети