30 маусым 2017 16:30

Бағлан Майлыбаев бес жылға сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президент әкімшілігі басшысының бұрынғы орынбасары Бағлан Майлыбаев пен Николай Галихинге қатысты сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана қаласының сотына сілтеме жасап. 


Президент әкімшілігі басшысының бұрынғы орынбасары Бағлан Майлыбаев пен Николай Галихинге қатысты сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана қаласының сотына сілтеме жасап. 

Астана қаласының №2 Есіл аудандық соты 2017 жылдың 13 маусымында Майлыбаев Бағлан Асаубайұлы мен Галихин Николай Николаевичке қатысты қылмыстық істі қарап, оларды ҚР ҚК-нің 361-бабының 1-бөлігі және 185-бабының 3-бөлігі бойынша кінәлі деп тапты. 

Сот үкімі бойынша Майлыбаев мүлкі тәркілене отырып, 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен бірге, өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істей алмайды. 

Галихин 4 жылға бас бостандығынан айырылды және мемлекеттік қызметте 3 жыл істей алмайды. 

Сонымен қатар, сот үкімі бойынша Қазақстан Республикасы Президентіне сотталғандарды мемлекеттік сыйлықтан айыру туралы ұсыныс жасалды. 

Үкім заңды күшіне енді. Сот отырысы жабық түрде өтті. 

Еске сала кетейік, Бағлан Майлыбаев 16 қаңтарда қамауға алынған болатын. ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Майлыбаевты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 185-бабы 1, 3-тарауында көзделген ("Мемлекеттiк құпияларды заңсыз жинау, тарату, жария ету") қылмыстарды жасады деген күдікпен ұстаған еді. Сондай-ақ, мемлекеттік құпияны жариялады деген күдікпен ҚР Президенті Әкімшілігінің қызметкері Николай Галихин ұсталған болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети