27 мамыр 2021 09:24

Бахрейнге секс-құлдыққа сатылған қазақстандықтар ісі: бүгін сот басталады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрациялық фото Иллюстрациялық фото

27 мамырда Шымкентте қыздарды сексуалдық құлдыққа сатумен айналысқан трансұлттық қылмыстық топтың ұйымдастырушыларына қатысты сот басталады, - деп хабарлайды "Первый канал Евразия"


27 мамырда Шымкентте қыздарды сексуалдық құлдыққа сатумен айналысқан трансұлттық қылмыстық топтың ұйымдастырушыларына қатысты сот басталады, - деп хабарлайды "Первый канал Евразия"

Бұл істе 16 адамға айып тағылған. Олар - қазақстандықтар, ресейліктер және қырғызстандықтар. Банда адам саудасы бойынша халықаралық топ құрған.

Олар төрт жыл бойы қазақстандық қыздарды Бахрейнге апарған. Онда қыздар сексуалдық құлдыққа түскен. Зардап шеккендердің арасында кәмелетке толмағандар да бар. Бәрі де жақсы жалақы төленетін жұмысқа барамын деп алданып қалған.

Қылмыстық топ 2020 жылдың қыркүйегінде тағы бір жәбірленушіні елден шығармақ болған кезде ұсталған.

Биыл көктемде жәбірленушілердің бірі телеарнаға басынан кешкен оқиғасын айтып берген.

"Ол маған бірден "Сенің құжаттарың менде болады, мен сені 5 000 долларға сатып алдым" деді. Мен оның құлы екенімді және осы 5 000 долларды, сондай-ақ ұшып келуіме кеткен ақыны өтеуім керегін айтты. Мені және басқа да қыздарды қамауда ұстады, сабады. Бізді жезөкшелікпен айналысуға мәжбүр етті", - деп әңгімелеген еді зардап шеккен қыз.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети