13 қараша 2015 08:46

БАҚ Алматыда алып қашу құрбаны болған қыз бен оны ұрлады делінген жігіттің суретін жариялады

ПОДЕЛИТЬСЯ

БАҚ Алматыда алып қашу құрбаны болған қыз бен оны ұрлады делінген жігіттің суретін жариялады. © ktk.kz БАҚ Алматыда алып қашу құрбаны болған қыз бен оны ұрлады делінген жігіттің суретін жариялады. © ktk.kz

КТК телеарнасы Алматыда алып қашу құрбаны болған қыздың және алып қашты делінген жігіттің суреттерін жария етті. 


КТК телеарнасы Алматыда алып қашу құрбаны болған қыздың және алып қашты делінген жігіттің суреттерін жария етті. 


Айсель Байрамованы тапа-тал түсте алып қашқан. © ktk.kz


Бітіру кешінде түсірілген сурет. © ktk.kz


© ktk.kz

17 жастағы Айсель Байрамованың туыстары тілшілерге қыздың бір апта бұрын басқа жігітке тұрмысқа шығару үшін құдаласып қойғандарын айтып берді. Туыстары бұл той жайлы бес жыл бұрын келісіп қойыпты. Ал үйлену тойын келесі жылы жасауға шешім шығарыпты, қыз сол кезде 18-ге толады екен. 

"Өтінеміз, қызымызды қайтарыңыздаршы, құдаласып қойғанбыз", - деді қыздың туыстары. Айта кетейік, күйеу жігіттің өзі де қалыңдығы іздестіріп жатыр.


Алып қашу құрбаны болған қыздың туыстары. © ktk.kz


© ktk.kz


© ktk.kz


© ktk.kz

Телеарна тілшілерінің мәліметінше, қызды Алматы тұрғыны Тахир Мамедов алып қашқан. Ол шамамен 22 жаста. Алдын ала мәлімет бойынша, ол қырғызстандық номері бар көлікпен жүреді.  


Алып қашты делінген жігіт Тахир Мамедов. © ktk.kz


© ktk.kz


© ktk.kz

Ал Тахир Мамедовтың ағасы бұған дейін Айсельдің әпкесімен үйленіпті. Бірақ олар кейін ажырасып кеткен. Бір ай бұрын Тахир Айсельге сөз салған, бірақ қыз көнбепті. "Бермедік, себебі олар немере қарындасымызды, қызымызды алып, үш айдан кейін тастап кеткен", - дейді туыстары.


Тахир Мамедов ағасымен. © ktk.kz

Байрамовтар отбасы егер қыздарын жұмаға дейін қайтарса кешірім беретіндерін айтып, уәде берді. "Біз 12-ге дейін күтеміз. Сосын жақсы болмайды. Соғыс болады. Сіздер де айтыңыздар, 12-ге дейін қызды қайтарсын", - деп мәлімдеді Айсельдің атасы Намаз Агамедов. 


Намаз Агамедов. © ktk.kz

"Тірі болса да, өлі болса да қайтарамыз. Соңына дейін іздейміз. Жақсылықпен қайтарсын!", - деді қыздың ағасы Ғасым Агамедов. (Дереккөз: КТК)


Ғасым Агамедов. © ktk.kz


© ktk.kz

Еске сала кетейік, Алматыда қалыңдықты алып қашқандар бейнеленген видеоролик жарияланды. Видео Instagram желісіндегі instavideo_kaz парақшасында пайда болды. Видео сипаттамасына қарағанда, оқиға 12 қараша күні Алматы мемлекеттік сервис және технологиялар колледжінде болған. "Қыз сол колледждің студенті. Оны қырғыздардың номері бар көліктегі жігіттер ұрлап әкетті", - делінген сипаттамада.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети