Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.08
EUR / KZT - 391.50
CNY / KZT - 50.00
RUB / KZT - 5.64

БАҚ Шымкентте ірі операция өткенін хабарлады

15 Шілде 2016, 23:57
0
© tvk-uko.kz
© tvk-uko.kz

14 шілдеде, бейсенбіде ОҚО ІІД әкімшілік полициясының тіркеу-емтихан бөлімінің ғимаратында ірі операция өткізілген. Оның нәтижесінде бірнеше адам ұсталған. Бұл туралы TVK телеарнасы хабарлады.

"Бейресми мәліметтер бойынша, пара алды делінгендерді антикоррупциялық ведомствоның қызметкерлері ұстады. Олар Шымкентке Астанадан келген деседі. ТЕБ қызметкерлерінің бірі кабинетінің есігін құлыптап алып, шықпай қойған. Жедел қызметкерлер есікті ашу үшін құтқарушыларды шақырған. Осы уақытта іштен жабылып алған адам (біздің мәліметімізше оның шені майор) бірқатар құжат пен ақшаны өртеген... Шамамен ТЕБ-тің 15 қызметкері ұсталған. Акцияның республикалық мәртебеге ие болғаны және мұндай ұстаулар Қазақстанның барлық облысында өткізілгені хабарланды", - дейді телеарна тілшілері.

Алайда тілшілер бұл оқиғаға қатысты ресми растау алған жоқ. Полицейлердің бірі камера алдында сөз сөйлеуден бас тартып, ОҚО ІІД-ден сұрау керек екенін айтқан. Ал ішкі істер департаментіндегілер ТЕБ қызметкерлерін ұстау полиция құзырында емес екенін айтқан. Облыстық жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бюросындағылар да бас тартып, Астанадағылардың үндемеу туралы тапсырмасы бар екендігін хабарлаған.

Бас кеңседегілер оңтүстікқазақстандық тілшілерге ұстау дерегін растапты. Алайда істің мән-жайын олар дүйсенбіде хабарлайтынын жеткізіпті. "Бұл органның жоғары билігінің тапсырмасы. Оған жаңа мән-жайлар мен фигуранттар себеп, олар тергеу барысында анықталып жатыр", - деп хабарлады TVK телеарнасы.

Ал 15 шілдеде таңғы уақыттан бері ТЕБ есіктері мөрленген. Ғимараттың маңына жүргізу куәлігін алу үшін келген адамдар жиналды. Тіркеу-емтихан бөлімі сол күні сағат бесте ашылған.

Телеарнаның түсірілім тобы оқиға болған жерге барып, куәгерлерден сұхбат алған. 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай