Бақытгүл Хаменова екі айға қамауға алынды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бақытгүл Хаменова екі айға қамауға алынды © parlam.kz

Бұған дейін ірі көлемде пара алды деген күдікпен үйқамаққа алынған Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова тұтқындалып, екі айға уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұл ақпаратты 22 желтоқсанда Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сот мәліметінше, қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының қаулысы бойынша шенеунікке бұлтартпау шарасы өзгертілген. Атырау облысының прокуратурасы Хаменованы қамауға алу туралы өтініш берді.

Бұған дейін Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменованың ұсталуына қатысты істің мән-жайы айтылған болатын.

Айта кетейік, тергеу судьясы күдікті жалғыз басты әйел, Атырау қаласында тұрақты мекенжайы барын, қылмыстық қудалау органдарынан жасырынбағанын, жалтармағандығын, бұрын сотты болмағанын, жалғыз өзі екі жас баланы тәрбиелеп отырғанын, асырауында қарт анасының бар екенін назарға алып, процестік заңнамада көзделген шектеулерді белгілей отырып, үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасын таңдау қажет екені туралы қорытындыға келген еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети