23 желтоқсан 2021 13:29

Сот Бақытгүл Хаменованың қамауға алынуын түсіндірді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі Бақытгүл Хаменованы екі айға қамауға алу шешімін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі Бақытгүл Хаменованы екі айға қамауға алу шешімін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Прокурор өтініші бойынша Атырау облыстық сотының Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы Атырау қалалық мамандандырылған тергеу сотының 12 желтоқсандағы облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменованы үйқамаққа алу туралы шешімі күшін жойды. Жаңа қаулы бойынша, Хаменова екі айға қамауға алынды.

"Сот алқасы Хаменованың санкциясы бойынша жеті жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған аса ауыр сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық (ҚК-ның 366-бабы 3-бөлігінің 2-тармағы) жасады деген күдікке ілінгенін ескерді. Бұл процеске қатысушыларға және істі объектив тергеп-тексеруге қысым көрсетуі мүмкін", - деді соттың баспасөз қызметі өкілдері.

Бұған дейін ірі көлемде пара алды деген күдікпен үйқамаққа алынған Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова тұтқындалып, екі айға уақытша ұстау изоляторына қамалғаны хабарланған болатын.

Айта кетейік, тергеу судьясы күдікті жалғызбасты әйел, Атырау қаласында тұрақты мекенжайы барын, қылмыстық қудалау органдарынан жасырынбағанын, жалтармағандығын, бұрын сотты болмағанын, жалғыз өзі екі жас баланы тәрбиелеп отырғанын, асырауында қарт анасының бар екенін назарға алып, процестік заңнамада көзделген шектеулерді белгілей отырып, үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасын таңдау қажет екені туралы қорытындыға келген еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети