Алматыда екі қызын терезеден лақтырып, артынан өзі секірген әйел №1 қалалық клиникалық ауруханасынан Психикалық денсаулық орталығына ауыстырылды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Алматы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіндегілер хабарлады.

Дәрігерлердің айтуынша, әйел тиісті емдеу шараларының барлығынан өткен. "Оның жарақаттары өмір үшін аса қауіпті болған. Қажетті мамандардың барлығы тартылды және соның арқасында анасы мен оның бір жарым жастағы қызы өмірге оралды. Қалалық бірінші ауруханада оңалту бойынша көмек көрсетілді. Осыдан кейін ол Психикалық денсаулық орталығына ауыстырылды", - деді басқармадағылар. Айта кетейік, әйел 9 қазанда ауыстырылған. Оның қызы да тиісті емдерден кейін шығарылды. Ол қазір туыстарында.
Еске сала кетейік, оқиға 5 қыркүйек күні Сәтбаев көшесіндегі 109-үйде болған. Әйел алдымен кіші қызын лақтырып, артынан үлкен қызын лақтыруға тырысады. Куәгерлердің айтуынша, 8 жастағы Айша шамасы келгенінше қарсылық білдіріп, айғайлаған. Бірақ анасы пышақ қолданып, оны ақыры итеріп құлатқан. Оқиға болған кезде отағасы үйде болмапты. Оның қазір қайда екені - белгісіз. Алматы полициясы әйелге қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады.