08 қыркүйек 2015 09:52

Екі қызын бесінші қабаттан лақтырып жіберген алматылық: Қайғылы оқиғаның мән-жайы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Полицейлер оқиға орнында. © ktk.kz Полицейлер оқиға орнында. © ktk.kz

Өткен демалыста Алматыда болған жантүршігерлік оқиғаның мән-жайы анықталды, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.


Өткен демалыста Алматыда болған жантүршігерлік оқиғаның мән-жайы анықталды, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Еске сала кетейік, жас ана бесінші қабаттағы пәтердің терезесінен екі қызын лақтырып жіберіп, артынан өзі секірген болатын. Алған жарақаттарынан 8 жастағы қыз оқиға орнында көз жұмды. Әйел мен бір жарым жастағы сәби ауруханаға жатқызылды. Екеуі де қазір жансақтау бөлімінде.

Оқиға 5 қыркүйек күні Сәтбаев көшесіндегі 109-үйде болған. Әйел алдымен кіші қызын лақтырып, артынан үлкен қызын лақтыруға тырысады. Куәгерлердің айтуынша, 8 жастағы Айша шамасы келгенінше қарсылық білдіріп, айғайлаған. Бірақ анасы пышақ қолданып, оны ақыры итеріп құлатқан.


Оқиға орны, Сәтбаев көшесіндегі үй. © ktk.kz 


Әйел қыздарын бесінші қабаттан лақтырып жіберді. © ktk.kz


© ktk.kz


© ktk.kz


Пластик терезеден болған тартыстың іздері байқалады. © ktk.kz

"Біз оның қалай итергенін көрдік. Ол өмір сүргісі келді, мықтап ұстап алды, бірақ ол итерді. Бесінші қабат, құтқару мүмкін болмады", - деді оқиға куәгерлерінің бірі.


Қайғылы оқиғаның куәгері. © ktk.kz

"Кішкентай баланы, әрине, екі жаста, ол лақтырып жіберді. Ол ештеңені түсініп тұрған жоқ. Ал екіншісі түсініп тұр, қарсылық білдіре бастады. Ал ол пышақтай бастады. Қыз құлап түсті", - деді тағы бір куәгер Людмила Лукьянова.


Қайғылы оқиғаның куәгері Людмила Лукьянова. © ktk.kz

Кіші қызды дүкеннің күнқағары құтқарып қалды. Сәбиді куәгерлердің бірі - жігіт алып түсті.

Екі қызын бірдей лақтырып жіберген 33 жастағы Жадыра өзі де секіріп кетті. Оқиға көпшіліктің көз алдында болған. Әйелге барлығы айғайлап, тоқтатуын өтінді, бірақ нәтиже болмады. "Бәрі көрді, ол хиджаб киген. Ол тұрды да, оқыды, білмеймін... Аспанға қарап бірдеңені оқып, өзі де секіріп кетті. Ең соңғы кезекте", - деді оқиғаның куәгері.


Полицейлер оқиға орнында. © ktk.kz

Телеарнаның мәліметінше, әйелдің жолдасы Алматыдағы мешіттердің бірінде жұмыс істейді, ал Жадыра көшеге хиджабсыз шықпаған. Оқиға болған кезде отағасы үйде болмапты. Оның қазір қайда екені - белгісіз. Бұл оқиғаға ер адамның қаншалықты қатысының бар екені әзірше анықталған жоқ.

"Адамдар олардың арасында тұрмыстық озбырлықтың болғанын айтатын. Үнемі шу, жанжал. Ал өткен күні кеште әйел көмек сұрап жүрді дейді адамдар", - деді куәгер Людмила Лукьянова.

Алматы полициясы әйелге қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады. (Дереккөзі - КТК).

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети