Балаларын терезеден лақтырған алматылық әйел тағы бір бап бойынша жазалануы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

Балаларын терезеден лақтырған алматылық әйел тағы бір бап бойынша жазалануы мүмкін

Балаларын терезеден лақтырған алматылық әйелге қатысты соталды тергеу басталды. Алматылық әйел ҚР ҚК 99-бабы ("Кісі өлтіру") бойынша ғана емес, екінші бап бойынша да жазалануы мүмкін. Бұл туралы AlmatyNews ақпарат агенттігінің тілшісіне құқық қорғау органдарындағы дереккөз хабарлады.

"Тағы қосымша өндіріс болуы мүмкін. Мұнда мәселе кісі өлтіру туралы ғана болып отырған жоқ. Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр және сараптамалар жасалып жатыр. Бұдан кейін тергеу оның әрекетіне толықтай құқықтық баға береді", - деді ол.

Еске сала кетейік, оқиға 5 қыркүйек күні Сәтбаев көшесіндегі 109-үйде болған. Әйел алдымен кіші қызын лақтырып, артынан үлкен қызын лақтыруға тырысады. Куәгерлердің айтуынша, 8 жастағы Айша шамасы келгенінше қарсылық білдіріп, айғайлаған. Бірақ анасы пышақ қолданып, оны ақыры итеріп құлатқан. Оқиға болған кезде отағасы үйде болмапты. Оның қазір қайда екені - белгісіз. Алматы полициясы әйелге қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети