22 қыркүйек 2014 | 20:09

Баласының үстіне теледидар құлаған Ақтау тұрғыны 11 миллион теңге өтемақы талап етуде

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото © tumba.kz Фото © tumba.kz

Терезеден лақтырған теледидар үстіне құлап мертіккен төрт жасар баланың анасы осы әрекетті жасаған адамнан 11 миллион теңге өтемақы сұрап отыр, - деп хабарлайды "Актау Бизнес". Зардап шеккен Ислам Қатаевтың анасы өтемақыны осынша сомаға бағалап отыр. Айта кету керек, 4 жастағы баланың емдеу шығынын Маңғыстау облысының билігі өз мойынына алған болатын. Баланың анасы Екатерина аталған соманы "әлі де аз" деп отыр.

Иконка комментария блок соц сети

"Менің баламның денсаулығы өте жақсы еді.  Ал енді үстіне теледидар құлағалы бері оның көзі көрмейді, оң қолы мен оң аяғы қозғалмай мүгедек болып қалды. Тіпті көзі мүлдем көрмей қалуы да мүмкін. Бұл туралы тек қаңтар айында ғана белгілі болады. Егер осы аралықта оның көзі көре бастамаса Көз аурулары институына ота жасатуға жібереді. Біз үнемі қымбат дәрілерді қабылдаймыз, үнемі ауруханаға қараламыз. 11 млн теңге бұл - ең аз деген өтемақы. Менің балам толыққанды өмір сүре алмауда. Адам істеген ісі үшін жауап беруі керек" - деді ол.

Айта кету керек, бұл оқиға бойынша ҚР Қылымыстық кодексінің 111-бабына ("Денсаулыққа абайсызда нұқсан келтіру") сәйкес қылмыстық іс қозғалды.

Бұл бап бойынша қоғамдық жұмысқа тартылады немесе 200 АЕК (2015 жылғы есеп бойынша 396 400 теңге, 2014 жылғы есеп бойынша 370 400 теңге) айыппұл төлейді. Теледидардың иесі өз кінәсін мойындаудан бас тартты, ол "нақты дәлелдер келтірілсін" - деп отыр. 

Теледидар төрт жасар Исламның үстіне 2014 жылы тамыз айында құлаған. Теледидардың кинескопы баланың басына тиіп, ол есінен танып, комаға түскен. Теледидарды жоғарыдан лақтырған ер адам баланы көрмегенін айтуда. Іске қатысты келесі тыңдалым 29 қыркүйекте өтеді.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети