27 тамыз 2014 15:11

Ақтауда баланың үстіне құлаған теледидардың иесі ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©tumba.kz ©tumba.kz

Ақтауда терезеден баланың үстіне теледидар лақтырып жіберген ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Маңғыстау облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Ақтауда терезеден баланың үстіне теледидар лақтырып жіберген ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Маңғыстау облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полиция 1972 жылы туған ер адамды ұстады, ол төртінші ықшамаудандағы үйдің 10-қабатында тұрады. Жауап алған кезде ол 23 тамыз күні сағат 21.00 шамасында теледидардың кинескопын өз терезесінен лақтырып жібергенін айтты. Өз әрекетін мойындаған ол құрылғыны қоқысқа тастамақ болғанын, қоқыс бактерінің қасында біреудің тұрғанын байқамағанын нақтылады. Оның үстінен "Денсаулыққа абайсызда нұқсан келтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Еске сала кетейік, Ақтауда үстіне көпқабатты үйдің терезесінен теледидар тасталғаннан кейін үш жасар бала комаға түскен болатын. "Баланың 13 жастағы әпкесінің айтуынша, бұл кезде олар көшеден үйге қайтып келе жатқан. №3 үйдің жанынан өтіп бара жатқанда, ол баладан сәл көз жазып қалған. Сәби қоқыс контейнерінің жанына жақындаған сәтте бесінші не алтыншы қабаттан біреулер теледидарды тастап жіберген. Теледидар баладан бір метр қашықтыққа түсті. Оның бір бөлшегі балаға тиген, соның салдарынан ол есінен танып қалады", - деп хабарлады Маңғыстау облыстық ІІД баспасөз қызметінің өкілі Азамат Сәрсенбаев.

Бала ес-түссіз күйде облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. "Ол жабық бас-ми жарақатын алған, қазір комада жатыр. Хирургиялық операция жасауға нұсқау берілген жоқ. Барлық қажетті рәсімді жасадық", - дейді хирургиялық бөлімнің дәрігері. Дәрігерлер баланың жағдайы жақсарады деп отыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети