15 наурыз 2018 09:09

Бәлиева зорланды деген ОҚО-лық баланың жағдайын айтып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Зағипа Бәлиева. © Тұрар Қазанғапов Зағипа Бәлиева. © Тұрар Қазанғапов

ҚР бала құқықтары жөніндегі уәкілі Зағипа Бәлиева зорлық көрді делінген оқушы баламен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


ҚР бала құқықтары жөніндегі уәкілі Зағипа Бәлиева зорлық көрді делінген оқушы баламен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кездесуден кейін ол тілшілерге берген сұхбатында баланың жағдайын айтты. Бәлиеваның айтуынша, баланың денсаулығы мен құқығын қорғау мақсатында тергеуші балаға ешкімнің де қандай да бір сұрақ қоя алмайтын қаулы шығарған. 

"Тіпті мен балаға сұрақ қоя алмаймын. Менің мақсатым - баланың қауіпсіздікте екенін анықтау еді. Оның жанында туған-туысқандары бар, олар тергеушінің қаулысына сәйкес, зорлық тақырыбында сөйлемеуі тиіс. Бала демалуы керек, оның жанында психолог бар. Бала өте көңілді. Демалуы үшін бір-екі күн керек сияқты", - деді ол.

Депутат баланың анасымен тілдескенін айтты. "Бала қауіпсіз жерде екеніне көз жеткіздім. Анасын көп уақыт бойы таба алмадық - анасымен сөйлестім, ол да келісті. Енді Астанада кездесеміз, олар менімен бірге Астанаға ұшады. Балаға қолайлы жағдай жасау қажет, себебі қосымша сараптама жасау балаға стресс. Мемлекеттік орган өкілдері клиницистер мен психологтарды, психиатрлар мен балалар дәрігерін беруге дайын", - деп атап өтті Бәлиева. 

Сонымен қатар, Бәлиева қазіргі мемлекеттік бағдарламалар бойынша бала мен оның отбасы қорғауға алынып, жұмыспен, баспанамен және жаңа мектеппен қамтамасыз етіледі. 

"Отбасының барлық мүшесі, оның ішінде шешесі жұмысқа орналаса алады. Оларға баспана беріледі. Ол жаңа мектепке барады, жаңа достары болады. Оған қазір ғана емес, болашағына да қауіпсіз жағдай жасауымыз қажет. Себебі баланың болашағы бар. Әжесімен сөйлестік, олар көшуге дайын", - дейді ол. 

Бұған дейін Зағипа Бәлиева зорлық көрді делінген баламен кездесу үшін Шымкентке 14 наурызда түнгі уақытта ұшып келген болатын.

Еске салайық, Желіде ОҚО-ның Сарыағаш ауданындағы Абай ауылында жеті жасар бала зорланды деген ақпарат тараған. Кейін TVK мәліметінше, ОҚО ІІД өкілдері бұл дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабының 4-бөлігі ("Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері") бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлаған. Алайда күдіктілер немесе ұсталып, қамалғандар жайлы ешқандай мәлімет түспеді. Артынша білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова сараптама қорытындысы оқушы баланың зорланғанын растағанын хабарлаған.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети