19 ақпан 2021 11:12

Балқаш көлінде браконьерлікпен айналысқан тұрғын ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Polisia.kz Фото: Polisia.kz

Алматы облысының табиғат қорғау полицейлері Балқаш көлінде браконьерлікпен айналысқан тұрғынды ұстады, - деп хабарлайды Polisia.kz.


Алматы облысының табиғат қорғау полицейлері Балқаш көлінде браконьерлікпен айналысқан тұрғынды ұстады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы облысы ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының қызметкерлері облыстық Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясымен бірлескен арнайы шара барысында Балқаш көлінде рұқсатсыз балық аулаумен айналысқан адамды ұстады. Күдікті мінген "УАЗ" маркалы көлікті тексеру кезінде төрт қап табан балық пен алабұға балығы табылды.

"Балқаш көлін тексеру барысында Қаратал ауданының 35 жастағы тұрғыны заңсыз балық аулап жатқанда үстінен түстік. Сонымен қатар, күдікті қолдануға тыйым салынған пластикалық ауды пайдаланғаны анықталды. Бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 335-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр", - деді облыстық ПД Табиғат қорғау полициясының инспекторы Бағлан Рымжанов.

Полицейлердің мәліметінше, табиғи байлыққа рұқсатсыз қол салған тұрғынның көлігінен 100 келіден аса балық пен пластикалық ау тәркіленген. Балықтар арнайы қабылдау орындарына өткізіліп, түскен қаражат мемлекет пайдасына аударылады. Сонымен қатар, табиғат қорғаушыларының сөзінше, күдіктінің заңсыз әрекеті мемлекетке 300 мың теңгеден астам материалдық шығын келген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети