Банк есепшоттарының тоналуы туралы істі тергеу аяқталды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Шұғыл түсірілім кадры. Хакерлерден кеңсе техникасы тәркіленді. ©Тengrinews.kz Шұғыл түсірілім кадры. Хакерлерден кеңсе техникасы тәркіленді. ©Тengrinews.kz

Полицейлер Алматыдағы банк есепшоттарын бұзуға қатысты істі тергеуді аяқтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Хакерлер ірі ұйымдардың банктегі есепшоттарын бұзып ашып, 300 млн теңгеге жуық қаражатты ұрлап кеткен болатын. Іс Алмалы аудандық сотына берілді. Процесс 19 қыркүйек күні судья Марал Жарылғасованың жетекшілігімен өтеді.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Полицейлер Алматыдағы банк есепшоттарын бұзуға қатысты істі тергеуді аяқтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Хакерлер ірі ұйымдардың банктегі есепшоттарын бұзып ашып, 300 млн теңгеге жуық қаражатты ұрлап кеткен болатын. Іс Алмалы аудандық сотына берілді. Процесс 19 қыркүйек күні судья Марал Жарылғасованың жетекшілігімен өтеді.

Еске сала кетейік, банк есепшоттарынан 300 млн теңгенің ұрланғаны 2014 жылдың 28 қаңтарында белгілі болған еді. Хакерлер пошталарға салық органы атынан вирусы бар хаттар жолдаған. Содан кейін зиянды бағдарламаның көмегімен парольдерді тартып алып отырған. Кейін арнайы дайындалған тұлғалар жалған құжаттармен банктен есепшот ашып, есепшотқа аударылған қаражатты қолма-қол ақшаға айналдырып алады. Банктердің ақпараттық жүйесін бұзған алаяқтар ұсталды. Оларға қатысты "Алаяқтық", "Ұрлық", "Компьютерлік ақпаратқа заңсыз қол жеткізу, ЭЕМ-ге арналған зиянды бағдарламаларды жасау, қолдану және тарату" сияқты үш бап бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұсталғандардың кінәсі дәлелденсе, оларға 10-15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы берілуі мүмкін.

Шұғыл іздестіруші сақшылар Tengrinews.kz тілшісіне банк есепшоттарын бұзу схемасы төңірегінде айтып берген болатын. Олар банктердің бұл жағдайда тек моральдық жағынан ғана зардап шеккенін айтты. Полицияның мәліметінше, есепшоттарды тонаған қаскөйлерде жалған жеке куәлік әзірлейтін арнайы станок болған.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 509.91  course up  526.46  course up  5.25  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer