25 ақпан 2014 15:53

Барахолка өртіне кінәлілер сотта жауап береді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Роза Есенқұлова ©Роза Есенқұлова

Алматы барахолкасындағы өртке қатысты қылмыстық іс Жетісу аудандық сотына жолданды деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қалалық сотының баспасөз хатшысы Қуандық Ешіметке сілтеме жасап. Барахолкада ірі өрт 2013 жылдың күзінде "Олжа", "Аян", "Керемет" базарларында болған еді. "Іс 25 ақпан күні сотқа түсті. Оны судья Мүсірепова қарайтын болады. Қылмыстық кодекстің "Отпен немесе өзге де аса қауiптi көздермен абайсыз жұмыс iстеу салдарынан болған не абайсызда ауыр зардаптарға әкеп соққан бөтен адамның мүлкін жою немесе бүлдіру" бабы бойынша "Олжа" базарын жалға алушы Қайранов, ал "Өрт қауіпсіздігі ережесін бұзу" бабы бойынша базарлардың бірінің бас директоры Алдабергенов жауапкершілікке тартылады", - деді баспасөз хатшысы. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, бұл баптар бойынша 500 АЕК көлемінде айыппұл төлеу немесе 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылады. Сот отырысының қай күні өтетіні әзірше белгісіз. Еске салайық, 2013 жылдың қыркүйегінде "Олжа" базарынан шыққан өрт "Аян" базарына, одан әрі ішінара "Керемет" және "Алатау" базарларына ауысқан еді. Төтенше жағдайлар қызметінің мәліметінше, 5400 шаршы метрден артық аудан өртенді. Жарты тәулік бойы жанған отты сөндіруге 1515 маман мен 142 техника, екі тікұшақ жұмылдырылды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети