09 ақпан 2020 13:52

Барахолкада арандатушылар анықталды - ІІМ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әлихан Сариев Әлихан Сариев

Полицейлер Алматы барахолкасында жанжал шығаруға шақырған арандатушылар анықталды. Бұл туралы ІІМ министрінің орынбасары айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Полицейлер Алматы барахолкасында жанжал шығаруға шақырған арандатушылар анықталды. Бұл туралы ІІМ министрінің орынбасары айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінен кейін құлуарларда журналистер Калайчидиден Алматыдағы Барахолкада жанжал шығаруға үгіттеген адамдар туралы сұрады. 

Алматы барахолкасындағы арандатушылар ұсталды ма деген сұраққа министрдің орынбасары былай деп жауап берді: "Мен былай айтайын, "ұсталды" деген сөзді қоя тұрайық, бірақ, олардың кім екендері анықталды. Барлығымен ісіміз болады, себебі онда осындай үндеу тастап, жанжал шығаруға шақырғандар бар, яғни әкімшілік құқық бұзушылық құрамы мен қылмыстық құрам бар". 

Еске салайыұ, 8 ақпанда Алматыда Барахолкада санитарлық күн жарияланды. "Байсат", "Барлық", "Ялян", "Рахат", "Барыс", "Алатау", "Болашақ", "Мизам", "Арлан", "Өжет", "Ақ-бұлақ", "Кенжехан" базары қызметін тоқтатты.

Кейін Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев зорлық-зомбылыққа байланысты сақтық шаралары күшейтілгенін мәлімдеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети