25 сәуір 2022 15:33

Бас прокуратура: Кейбір тұтқындар азаптау туралы арыздарды қорғаныс ретінде пайдаланған

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бас прокуратура қаңтардағы тәртіпсіздіктерден кейін қамауға алынғандардың кейбірі жазадан құтылу үшін азаптаулар туралы жалған шағым жасағанын хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Бас прокуратура қаңтардағы тәртіпсіздіктерден кейін қамауға алынғандардың кейбірі жазадан құтылу үшін азаптаулар туралы жалған шағым жасағанын хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Тергеу нәтижелері бойынша, кейбір өтініш берушілер азаптау туралы шағымдарды жиналған дәлелдердің беделін түсіру және қолайсыз деп тану үшін қорғану желісі ретінде пайдаланған. Жамбыл облысында Б. есімді азамат 5 қаңтарда бір топ адаммен мемлекеттік нысандарды өртеп, Полиция департаментінен Калашников автоматын, Макаров тапаншасын, екі аңшылық мылтық пен үш травматикалық тапаншаны ұрлап кеткен.

Оның бұл қылмыстарға қатысы барын бейнебақылау камераларына түсіп қалған видеолар, айғақтар және басқа да іс материалдары растайды. Ұсталғаннан кейін одан полиция қызметкерлері азаптағаны туралы арыз түсті", - деді баспасөз брифингінде Бас прокуратураның бірінші қызмет басшысының орынбасары Елдос Қилымжанов.

Оның айтуынша, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бұл факт бойынша тексеру жүргізген. Оған тәуелсіз заңгер қатысқан.

"Ыстамбұл хаттамасы сияқты азаптауларға қарсы адам құқықтарын қорғау жөніндегі халықаралық стандарттарға сәйкес психологиялық-психиатриялық сараптама жүргізілді.

Мамандар жәбірленушінің психоэмоционалдық жағдайын толық зерттеді, нәтиже тергеу органдары тарапынан оған психологиялық қысым болмағанын көрсетті", - деді Қилымжанов.

Тергеу нәтижелері бойынша қылмыстық іс қылмыс құрамының болмауына байланысты тоқтатылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети