27 қазан 2020 07:27

"Басына төрт оқ тиген". Талдықорғанда жаппай төбелес кезінде оқ атылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: polisia.kz Фото: polisia.kz

Талдықорғанда бір топ жігіт жаппай төбелесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.


Талдықорғанда бір топ жігіт жаппай төбелесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Талдықорған қаласы ПБ Шығыс ҚПБ кезекші бөліміне бассейн ауданында төбелес шыққаны туралы хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына жеткен полиция жасағы жастар арасында төбелес болғанын анықтады. Басына оқ тиген 21 жастағы жергілікті тұрғын ауруханаға жеткізілген.

Аталған дерек ҚР ҚК-нің 293-бабының 3-бөлігі 2-тармағы (Бұзақылық) бойынша тіркелді.

Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде оқ атқан күдіктіні бір сағат ішінде анықтап, ұстады. Талдықорған қаласының 18 жастағы тұрғынынан тәртіп сақшылары пневматикалық тапанша тәркіледі. Ол кінәсін толық мойындады.

Ұсталған адам оқты бұзақылық ниетпен атқанын және оған қатты өкінетінін жеткізді. Облыстық ауруханада дәрігерлер жәбірленушінің басынан төрт оқ алған. Сот-медициналық және басқа да қажетті сараптамалар тағайындалды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 445.66   490.7   4.78 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети