"Басына секірді": Куәгерлер полицейлердің күдіктіні қалай тұтқындағаны туралы айтып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Басына секірді": Куәгерлер полицейлердің күдіктіні қалай тұтқындағаны туралы айтып берді

Қарағандыда 25 жастағы ер адамның өлімінің себебі анықталып жатыр. Куәгерлердің айтуынша, ер адамның айғайын бүкіл аудан естіген, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағандыда 25 жастағы ер адамның өлімінің себебі анықталып жатыр. Куәгерлердің айтуынша, ер адамның айғайын бүкіл аудан естіген, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.

"Біреудің жан дауысы шығып жатқанын естіп, терезеге қарадым. Қарасам, бір топ адам оны тепкілеп жатыр. Тепкілеу бер жағы ғой. Басына шығып алып секіргендерін көріп шошыдым. Басы мен бет ауыздан дым қалдырмады. Бірден жедел жәрдем мен полиция шақырып, далаға атып шықтым. Барсам полицейлер екен. Ана жігітке жақындатқан жоқ", - деді куәгер Виктор Маковкин.

Телеарнаның мәліметінше, оқиға куәгері осы айтқандары үшін полиция тарапынан қысымның болып жақтанын жасырмайды. Кешелі бері бөлімшеге үш рет шақырып, айтқандарын өзгертуге әрекет жасаған көрінеді.

Полицейлердің айтуынша, күдікті бұрын бұзақылығы үшін алты жыл жазасын өтеп шыққан екен. Ал олардың өткен түнгі жайтқа қатысты түсініктемесін оқиға куәгерлері мүлдем теріске шығарды. Айтуларынша, дүкеннен шыққан Олегті бірнеше адам көліктеріне қарай сүйрепті. Қарсылық көрсеткен соң жерге құлатып, тепкінің астына алған. Жолдағы мына қан іздері де мұны растайды дейді куәгерлер. (Дереккөз: КТК)

Еске сала кетейік, осыған дейін қарағандылық жігіттің полицейлердің тұтқындауы кезінде көз жұмғаны хабарланған болатын. полиция өкілдері өз кезегінде 8 қарашада шамамен сағат 20.00-де Қарағандының Киров бөлімінің полиция бөлімшесіне 19 жастағы тұрғыннан белгісіз біреулердің оны ұрып кетіп, ұялы телефонын алып кетіп қалғаны жайлы хабарлағанын айтты. Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі бірыңғай тергеу реестріне тіркелді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети