12 қаңтар 2015 15:16

Батыс Қазақстанда ер адам кафеде кісі өлтірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Lol54.ru ©Lol54.ru

Батыс Қазақстан облысында Ақтау қаласының тұрғыны кафеге келген қонақты атып тастады, - деп хабарлайды "Мой город". Оқиға 10 қаңтарда Бөрілі ауданының Ақсай қаласындағы "Ривьера" кафесінде болды.


Батыс Қазақстан облысында Ақтау қаласының тұрғыны кафеге келген қонақты атып тастады, - деп хабарлайды "Мой город". Оқиға 10 қаңтарда Бөрілі ауданының Ақсай қаласындағы "Ривьера" кафесінде болды.

Ақтаудан келген қонақ кафеде өз достарымен бірге демалып отырған. Кейін, неге екені әзірше белгісіз, "Стрингер" тапаншасын алып, 26 жастағы жігіттің басынан атқан. Ер адам оқиға орнында қаза тапты. Полиция 29 жастағы күдіктіні ұстап, оның тіркелмеген тапаншасын тәркіледі. Онымен бірге Ақсай қаласының үш тұрғыны ұсталды, олар осы кафеде тағы екі қонақты ұрып-соққан. 

"Адам өлтірмес бұрын олар шетел азаматына қарақшылық шабуыл жасады, бірақ олар қылмысын жасай алмады", - деді Батыс Қазақстан облысы ІІД криминалдық полиция басқармасының басшысы Сергей Шевченко.

Осыған дейін Оралда кісі өлтірген ер адам сотталған еді. Ол өзінің бұрынғы әйелін қорғағысы келіп, травматикалық тапаншамен бұзақылардың бірін атып түсіреді. Ал екіншісіне пышақ салады. Бұдан кейін күдікті оқиға болған жерден қашып кеткен. Ер адам қорғаныс әрекетін шамадан асырып жібергені үшін екі жылға бас бостандығынан айырылды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети