Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 310.57
EUR / KZT - 348.58
CNY / KZT - 45.23
RUB / KZT - 5.52

Батыс Қазақстанда пара алған үш полицей ұсталды

29 Қаңтар 2014, 18:13
0
©РИА Новости
©РИА Новости
Батыс Қазақстан облысында екі полицей пара алғаны үшін тұтқындалды деп хабарлайды облыстық экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментіне сілтеме жасаған Tengrinews.kz.

Құрақов, Шуақбаев, Ескендіров деген тәртіп сақшылары банк менеджерінен 700 мың теңге көлемінде пара алған. Шағымданушы қаржы полициясы департаментіне арызданып, қаңтардың 13-і күні несиені заңсыз бергені үшін өзін ішкі істер қызметкерлерінің ұстағанын айтқан. Сол күні аталған үш полицей одан өз кінәсін мойындап келу туралы қағазы мен мойындау жауабын тартып алып, тергеу изоляторына жатқызамыз деп қорқытқан. 1 млн теңге берсе, материалды тіркеуге алмай, қылмыстық жауапкершіліктен босататынын айтқан.

Полицейлер жәбірленушіден ақыры 700 мың теңге көлемінде пара алады. Параның 300 мың теңгесі қаңтардың 24-і күні берілген. Дәл осы күні жемқор полицейлер қолға түсті. Оларға қатысты Қылмыстық кодекстің 311-бабының 4-тармағы бойынша іс қозғалды, сонымен бірге, Құрақовқа парақорлыққа делдал болғаны үшін тағы бір айып тағылды.

27 қаңтар күні соттың санкциясымен Шуақбаев пен Ескендіров тұтқынға алынды, Құрақовқа қатысты үй қамауында ұстау бұлтартпау шарасы қолданылды.



Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай