Бауыржан Әбдішевке жаңа айып тағылды. Қарағанды облысының экс-әкімі тендердегі жеңіс үшін пара алды деп айыпталып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Мемлекетік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің тергеу-жедел тобы қызметкерлеріне сілтеме жасап.

Тергеудің мәліметінше, Әбдішев Қарағанды қаласын көріктендіру бағдарламасы бойынша тендерде теміртаулық "Сталь Монтаж" фирмасын жеңімпаз ету үшін одан 12 миллион теңге алған. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің тергеу органына "Сталь Монтаж" ЖШС қызметкері осындай айғақ берді.
"Делдал арқылы ақшаны беріп жіберіп, фирма тендерді ұтып шықты, сөйтіп, Қарағанды қаласын көріктендіру мемлекеттік бағдарламасы бойынша көшенің жарық бағандарын шығару мен жөндеуге, басқа да жұмыстарды атқаруға мүмкіндік алған", - деп хабарлады тергеу тобының қызметкерлері.
Қарағанды облысы экс-әкімінің адвокаты клиентінің кінәсіз екеніне сенімді. "Айыптау ешқандай дәлелмен бекітілмеген. Тек өзіне қысым көрсетілгеннен кейін айғақ берген фирма жұмысшысының сөзі ғана бар", - дейді экс-әкімді қорғаушы Айболат Шалаханов.
Еске сала кетейік, Қарағанды облысының бұрынғы әкімі Бауыржан Әбдішев қызметтік өкілеттігін теріс пайдаланғаны үшін ҚР ҚК 307-бабы бойынша айыпталған еді. Оған "Мемлекеттік сатып алулар туралы" заңды жеке мақсаты үшін бұза отырып, тендерлерде жекелеген фирмалардың мүддесін қорғады деген кінә тағылды. Әбдішев тергеу изоляторында қамауда отыр.