25 қаңтар 2023 15:28

Байқоңырда ер адам полицейді өлтірмек болған

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©РИА Новости Фото ©РИА Новости

Байқоңырда қарулы адам полицейді өлтірмек болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Байқоңыр" кешенінің прокуратурасына сілтеме жасап.


Байқоңырда қарулы адам полицейді өлтірмек болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Байқоңыр" кешенінің прокуратурасына сілтеме жасап.

Оқиға 2022 жылдың 5 желтоқсанында болған.

"Тергеу 2022 жылғы желтоқсанда бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған шабуылшы "Лемар" дәмханасына келіп, атыс қаруымен жәбірленушіге екі рет оқ атқанын анықтады. Алайда кафеге келушілердің белсенді әрекетінің арқасында оқ тимеген", - делінген ведомство сайтында.

Сонымен қатар, тергеу барысында ер адам өзінің қызметтік міндеттерін атқару кезінде полиция қызметкерін көпшілік алдында балағаттаған.

"Қазір ол қамауда, Ресей ІІМД "Байқоңыр" кешеніндегі уақытша ұстау изоляторында отыр", - деді ведомствоның баспасөз қызметі.

Ер адам өз кінәсін мойындамаған. Дегенмен, прокурор жинаған дәлелдеме базасы жеткілікті болған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети