15 желтоқсан 2021 16:49

Байқоңырдың бұрынғы бас дәрігері 4 жылға бас бостандығынан айрылуы мүмкін

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: elements.envato.com Сурет: elements.envato.com

Байқоңыр қаласындағы көпсалалы аурухананың бұрынғы басшысы 2 миллион 600 мың теңгеден аса сомадағы сыйақыны өзіне заңсыз жазып алғаны үшін 4 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Байқоңыр қаласындағы көпсалалы аурухананың бұрынғы басшысы 2 миллион 600 мың теңгеден аса сомадағы сыйақыны өзіне заңсыз жазып алғаны үшін 4 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Байқоңыр" кешенінің прокуратурасы "Байқоңыр қаласының көпсалалы ауруханасы" КМК бұрынғы басшысына қатысты Ресей Федерациясы Қылмыстық кодексінің 160-бабы 3-бөлігінде көзделген қылмыс дерегі бойынша ("Кінәліге сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену, яғни ұрлау, өзінің қызмет бабын пайдалана отырып, ірі мөлшерде жасаған") істі одан әрі тергеу үшін Қазақстан Республикасының Құқық қорғау органдарына жіберді.

"Тергеу барысында 2020 жылы 25 желтоқсанда Байқоңыр қаласы көпсалалы ауруханасының бас дәрігері өзінің лауазымын пайдаланып, тәртіптік жаза тағайындалса да, өзіне сыйақы аудару туралы заңсыз бұйрық шығарып, қол қойып, осы медициналық мекемеге тиесілі қаражатты жымқырған", - деп мәлімдеді "Байқоңыр" кешені прокуратурасының баспасөз қызметі.

Осы әрекеттердің нәтижесінде медициналық мекемеге 2 миллион 600 мың теңгеден аса материалдық залал келген.

"Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасында бұл қылмыс үшін мүлкін тәркілеп, үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, төрт жылға бас бостандығынан айыру түріндегі ең жоғары жаза тағайындау көзделген", - деді ведомствоның баспасөз қызметі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети