Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.08
EUR / KZT - 391.50
CNY / KZT - 50.00
RUB / KZT - 5.64

Белгілі адвокат Аян Мейірбаевтың әпкесінің неліктен жауапкершілікке тартылмағанын айтты

13 Қазан 2016, 15:58
0
 Джохар Өтебеков © Tengrinews.kz
Джохар Өтебеков © Tengrinews.kz

Белгілі адвокат Джохар Өтебеков Аян Мейірбаевтың әпкесінің көліктен табылған денені қала сыртына апарып тастағаны үшін неліктен жауапкершілікке тартылмағанын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Айта кетейік, Өтебеков атышулы іске қатысқан болатын. Осыған дейін Әубәкіровтер әулетінің мүддесін қорғаушы Тельман Әленов Аян Мейірбаевтың әпкесі көліктің жүксалғышынан Ерасылдың денесін тауып, қорыққанынан және не істерін білмегендіктен қала сыртына апарып тастағанын айтқан болатын.

"Адамдар оның неліктен ешқандай жауапкершілікке тартылмағанын түсінбей жатыр. Осы мәселе бойынша келіп түскен өтініштерге байланысты сіздерге түсіндіріп берейін. Қылмыстық кодекс бойынша жақын туыстар қылмысты жасырып немесе ол жайлы хабарламағаны үшін жауапкершілікке тартылмайды. Бұл миға кіретін әрі ұғынықты нәрсе. Репрессия болған жылдары бұл үшін отбасының барлық мүшесін қамауға алып, "халық жауы" деп атайтын", - деп жазды адвокат Facebook желісіндегі парақшасында.

Адвокаттың айтуынша, көлігін жууға әкелген Аян Мейірбаевтың әпкесіне автожуудағы қызметкер мен тағы екі жігіт көмектескен. "Олармен мүлде қызық жағдай болды. Сіздерге бұл бір түрлі болып көрінуі мүмкін бірақ мәйітті жасырған үшін адам жауапкершілікке тартылмайды. Меніңше, жігіттер бұл қылмысты белгілі бір адамның жасағанын білген жоқ, сондықтан да жауапкершілікке тартылмауы тиіс. ҚР Қылмыстық кодексіне осы шарттар керек болып тұр, яғни белгілі бір қылмысты жасыру немесе ол жайлы хабарламау. Осыған қарағанда тергеу жұмыстары барысында ол жігіттердің Әжімбайға, Тихоненкоға және Шерстеневқа көмектескені жайлы дәлелдер табылмаған. Процессуалдық шешімдерді полициядағылар мен прокуратура өкілдері бекітті. Соттың мұнда мүлде қатысы жоқ", - деді адвокат Өтебеков.

Айта кетейік, бір ай бұрын, 7 қыркүйекте Астанада атышулы іске қатысты сот басталған болатын. 23 жастағы Ерасыл Әубәкіровті өлтірді деген күдікпен сот алдына үш адам келді: Нұрбек Әжімбай, Виталий Шерстенев және Андрей Тихоненко. Оларға "Ұйымдасқан қылмыстық топ құру және оған басшылық ету", "Адамды бостандығынан заңсыз айыру", "Сексуалдық сипаттағы зорлық әрекеттері", "Адам өлтіру" және "Бопсалау" баптары бойынша айып тағылды.

Ал кеше12 қазанда осы атышулы іс бойынша үкім шығарылды. Оған сәйкес, Нұрбек Әжімбай мүлкі тәркілене отырып, 20 жылға бас бостандығынан айырылды. Андрей Тихоненко 16 жылға бас бостандығынан айырылды, ал Виталий Шерстнев 11 жылға сотталды. Cондай-ақ, сотта Аян Мейірбаевтың кінәлі емес екенінің дәлелі келтірілді. Бұл туралы жәбірленуші тараптың өкілі үкім оқылғаннан кейін айтып берді.

Кейінірек марқұмның ата-анасының мүддесін қорғайтын адвокат Ерасыл Әубәкіровтің қалай өлтірілгенін толықтай айтып берді. 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай