Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Ерасыл Әубәкіровтің өлімі бойынша атышулы іске қатысты үкім шықты

12 Қазан 2016, 11:22
0

Алқа билер Ерасыл Әубәкіровтің өлімі бойынша істе үкім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бүгін елорда сотында атышулы іс бойынша сот аяқталды. 

Судья Асхат Әшірбеков пен алқа билер кеңес бөлмесінен шығып, осы іс бойынша үкім шығарды. 

Нұрбек Әжімбай мүлкі тәркілене отырып, 20 жылға бас бостандығынан айырылды. Андрей Тихоненко 16 жылға бас бостандығынан айырылды, ал Виталий Шерстнев 11 жылға сотталды.

Бір ай бұрын, 7 қыркүйекте Астанада атышулы іске қатысты сот басталған болатын. 23 жастағы Ерасыл Әубәкіровті өлтірді деген күдікпен сот алдына үш адам келді: Нұрбек Әжімбай, Виталий Шерстенев және Андрей Тихоненко. Оларға "Ұйымдасқан қылмыстық топ құру және оған басшылық ету", "Адамды бостандығынан заңсыз айыру", "Сексуалдық сипаттағы зорлық әрекеттері", "Адам өлтіру" және "Бопсалау" баптары бойынша айып тағылды. 

Бұл істе бастапқыда Аян Мейірбаев күдікті болған еді. Оған қатысты қудалау қылмыс құрамының жоқ болуына байланысты тоқтатылған еді. Ол тергеу изоляторынан босап шықты.  

Еске салайық, биыл ақпанда Астанада медициналық университеттің алтыншы курсында оқитын Ерасыл Әубәкіров жоғалып кеткен болатын. Ол Сарыарқа - Сейфуллин қиылысындағы үйінен сол жағалауға қарай шығып кетіп, табылмаған еді. Кейін, 10 ақпанда оның мәйіті зорлық белгілерімен табылған. 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай